«Соңғы парызым еді»: Адвокат Мейірман Шекеев Шерзаттың зиратына барып қайтты
8 маусым, 2025


Мейірман Шекеевтің инстаграм парақшасынан
Танымал заңгер Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың зиратына барып, құран бағыштап қайтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көруге болады.
Соңғы парызым Шерзаттың басына барып, құран оқыту еді, - деді заңгер.
Заңгер Шерзаттың әкесін бастапқыда жанары сөнген, көзінде тек мұң еді, өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан екенін айтты.
Бар айтқаны "аға Шерзаттың ісі сізге аманат" - деп, ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді. Әуелі Алла, сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім, — деді ол.
Ұқсас жаңалықтар

23 маусым, 2025
Сақшылардың ерлігі жұртымыздың жадында сақталуға тиіс – Президент

20 маусым, 2025
Алматы облысы прокуратурасының араласуымен жетім балаларға үй берілді

20 маусым, 2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қанша пайызға арзандады?

20 маусым, 2025
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 310 млрд теңге жәрдемақы төленді