3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылды

10 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылды
фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің сөзінше, Еңбек тәуекелі картасы енгізілген сәттен бастап жоғары тәуекел аймағынан 3 мың кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам жұмысшы қамтылған. 

«2024 жылдан бастап Еңбек тәуекелі картасы енгізілді. Бұл өндірістік тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындарды автоматтандырылған режимде анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық талдамалық құрал. Әдістеме жарақаттану көрсеткіштері, әлеуметтік аударымдар қозғалысы, кадрлардың тұрақсыздығы, кәсіподақтардың болуы және басқа да параметрлерді қоса алғанда 80 көрсеткішті қамтиды. Оның ішінде 23-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау. Жүйе енгізілген сәттен бастап жоғары тәуекел аймағынан 3 мыңнан астам кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам жұмысшы қамтылды. Жоғары тәуекел деңгейі бар кәсіпорындар саны 2589-дан 1799-ға дейін азайды. Жүйе ықтимал бұзушылықтардың себептерін жоюда жұмыс берушілерге қолдау көрсетуге күш салу арқылы инциденттік оқиғаларға жедел әрекет етуден проактивті алдын алу шараларына көшуге мүмкіндік беріп, бағытталды»,- деді Светлана Жақыпова.