9 маусымнан бастап 12 елдің азаматтары АҚШ-қа кіре алмайды

5 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
9 маусымнан бастап 12 елдің азаматтары АҚШ-қа кіре алмайды
Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 маусымнан бастап әлемдегі 12 ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын және тағы 7 елдің елге кіруін шектейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz BBC-ке сілтеме жасап. 

BBC хабарлауынша, бұл тізімде Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен мемлекеттері бар. Ал елге кіру ішінара шектелген мемлекеттер қатарына Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Венесуэла және Түрікменстан енген. 
Дональд Трамптың түсіндіруінше, тыйым мен шектеу террористік топтар жұмыс істейтін және визалық қауіпсіздік мәселелері бойынша әріптестік орнатылмаған елдерге қатысты енгізіліп отыр. Бұл елдерден келетін азаматтарды тексеруде оларлың кім екенін анықтау қиындық тудырады және визалық режим талаптарының бұзылуы жиі ұшырасады. 

«Біз елімізге бізге зиянын тигізгісі келетін адамдардың кіруіне жол бермейміз», – деді Дональд Трамп.