III Түркі универсиадасы: Қазақстандық дзюдошы студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен
Қырғыз Республикасында өтіп жатқан ІІІ Түркі универсиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 3 алтын медальмен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дзюдо жарыстарында Әділет Ахметғали (М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті), Мұхамедәлі Мавлидов (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және Жасұлан Халхабаев (Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы) қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.
Жалпы есеп бойынша Қырғыз Республикасында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан спортшыларының еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:41
Анна Данилина Токиодағы турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін, 15:05
Астанада тректегі велоспорттан рейтингтік турнир өтеді

Бүгін, 09:12
Азия ойындары: Ұлттық құрама жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті

20 қазан, 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды