Қазақстандық шахматшы 2024 жылғы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
30 желтоқсан, 2024
Фото: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қарсыластарынан төрт рет басым түсіп, жеті ойынды тең нәтижемен аяқтады. Осылайша, ол 11 турдан кейін 7,5 ұпай жинады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Соңғы турда қазақстандық шахматшы әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең түсіп, қарсыласын Нью-Йорктегі чемпиондықтан айырды.
Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:
Хампи Конеру (Үндістан) – 8,5 ұпай;
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 8 ұпай;
Екатерина Лагно (Ресей) – 8 ұпай.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Меруерт Қамалиденова 16-орынға ие болды.
Ерлер арасында қазақстандық спортшылардан үздік нәтижені Ринат Жұмабаев көрсетті. Ол 62-орынға тұрақтады. Ринат 13 турда 4 жеңіске жетіп, 6 тең ойын өткізіп, 3 рет жеңіліп қалды. Ол жалпы 7 ұпай жинады.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады