Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
 
                            Фото: Оlympic.kz
                            Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол 19 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, алтын медаль иеленді. Құрманғалиев турнир барысында әлемнің әр түкпірінен келген мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты.
Қазақстандық теннисші ағылшын Коннор Гринді және пуэрторикалық Энрике Риосты 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін оңтүстік кореялық Ма Ён Мин (3:1) мен француз Флавио Мурьен (3:2) де Аланның қарқынына төтеп бере алмады. Жартылай финал мен финалда ол кореялық Ли Сын Суды, румын Юлиан Чиритуды және тайбэйлік Ян Хао-Дженді 3:1 есебімен ұтып, чемпион атанды.
Ұқсас жаңалықтар
                                 
                                                
                                                    Бүгін, 18:05
                                                
                                            Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:26
                                                
                                            Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 14:15
                                                
                                            ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 11:23
                                                
                                            «Аттандық Миланға»: футбол шолушысы Несіп Жүнісбаев «Интер» – «Қайрат» матчына Миланға аттанды
                                    
                                                                     Жібек Наурыз
                                    Жібек Наурыз
                                
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                