«Шетелде жүргенде аяғым ауыр болып қалғанын білдім»: дизайнер Аида Кауменова құпиясымен бөлісті

8 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Шетелде жүргенде аяғым ауыр болып қалғанын білдім»: дизайнер Аида Кауменова құпиясымен бөлісті
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Аида Кауменова журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«27-де болдым. Сол баланың әкесіне тұрмысқа шыққан жоқпын. Қиындау заман болды. Мен үшін де, ата-анам үшін де. Бірақ мен «бұл баланы қалдырамын» деген шешімге келдім.

Әр ата-ананың жүрегі бар, қыздарын жақсы көреді.Көп қыздар «Ойбай, мені өлтіреді, айтуға болмайды» деп қорыққаннан қате шешім қабылдауы мүмкін. Бірақ оларға да ешкім «бұлай айт» деп үйретпейді ғой. Менде де ұялу, қорқу сезімі болды. Мен ерке, керемет қыз болып өстім. Көп адамдар өсектеді, сөкті деп ойлаймын. Әке-шешеме де «шок» болған. Маған да жеңіл болған жоқ бұл шешім. Бірақ менде қазір құдай берген бір қызым бар. Алла маған баланы осылай берді деп ойлаймын», - деді Аида Кауменова.   

Оның айтуынша, баланың әкесі сол кезде бойдақ болса да, оған үйленбеген. Ол мұның бәрі тағдырдың жазуы екенін айтты.

«Мүмкін бұл оқиғалар болмағанда мен қазіргідей Аида Кауменова болмас па едім», - деп жан сырын ақтарды ол.