00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сенатта жаңа Бюджет кодексінің жобасы таныстырылды

Сенатта жаңа Бюджет кодексінің жобасы таныстырылды
Фото: parlam.kz

Бүгін Парламент Сенатында Президент тапсырмасына сәйкес әзірленген жаңа Бюджет кодексінің жобасы таныстырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Онда Кодекс бюджеттің халықаралық стандарттар мен қазіргі заманның сын-қатеріне сай келетін ашық, тиімді және икемді жүйесін құру мақсатын көздейтіні туралы хабардар етілді.

Депутаттарға сонымен қатар Бюджет кодексі еліміздің қаржысын тұрақты басқарудың маңызды құралы болатыны туралы айтылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, жаңа кодекстің басты сипаты фискалдық, салықтық және ақша-кредиттік саясаттардың үйлесімділігі болып отыр. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор және квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін жаңа бөлім енгізілді. Мемлекеттің активтері мен міндеттемелерін біріктіру, мақсатты трансферттерді пайдалану бойынша қатаң ережелер енгізу және олардың тиімділігін бағалау өлшем-шарттарын белгілеу маңызды шаралар ретінде атап өтілді.

Жаңа Бюджет кодексі ашықтықты арттыру мен есеп беру ісін жаппай енгізуге бағытталған. Бұл мақсатта бюджет деректерін жариялау, салықтық шығындар туралы есептер енгізу және олардың тиімділігін бақылау жоспарланып отыр. Жоспарлау рәсімдері оңтайландырылып, мерзімдер қысқартылды, артық кезеңдер алынып тасталды. «Бюджеттік сұраныс» құралы даму жоспары мен қаржылық есептеуді біріктіруге мүмкіндік береді. Жергілікті бюджеттердің қосымша кірістері жолдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да маңызды жобаларға бағытталады және өңірлердің инфрақұрылымдық дамуы басымдыққа ие болады. Реформа соңғы 14 жылдағы өзгерістерді ескере отырып, ресурстарды тиімді пайдалану мен Қазақстан экономикасын орнықты дамытуға бағытталған.