Сенаторлар Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңдарды талқылады

Сенаторлар Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңдарды талқылады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметінен

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Түркістан қаласының құқықтық мәртебесін реттеу және оның мәдени мұрасын сақтауға бағытталған екі заңды қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қаланы дамытудың құқықтық негіздерін айқындауды көздейді. Құжатта тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, ұлттық қолөнерді дамыту, археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарын басқару шаралары қарастырылған. Түркістанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық та маңызды бағыт болып табылады.

Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен Жер кодексіне және жерді пайдалану, туристік инфрақұрылымды дамыту және шетелдегі қазақстандық мәдени орталықтарды қолдау мәселелерін реттейтін заңнамаға түзетулер енгізіледі. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге және қалалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысына қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.