Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
30 сәуір, 2025
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
4 сәуір, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
4 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдай саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
3 сәуір, 2026
Мемлекет басшысы ШҚО әкіміне бірқатар тапсырма берді
2 сәуір, 2026
Қазақстан мен Украина іскерлік байланысты жандандыру жөнінде келісімге келді