05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бейжіңде Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы көпсалалы ынтымақтастығы талқыланды

|
Photo: фото: Сыртқы істер министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бейжіңде Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы көпсалалы ынтымақтастығы талқыланды

|
Photo: фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесті, деп хабарлады Elodainfo.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жүздесу барысында министрдің орынбасары Н.Ермекбаевты ШЫҰ Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, Ұйым аясындағы көпсалалы ынтымақтастықты қолдау жөніндегі Қазақстанның тұрақты және белсенді ұстанымын тағы растады. Тараптар ШЫҰ ағымдағы қызметінің мәселелерін және 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындығын талқылады.

Ә.Бақаев былтырғы 4 шілдедегі ШЫҰ Астана Саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды үдемелі іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымды тиімді және мобильді көпжақты құрылымға одан әрі трансформациялау мақсатында ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі нысаналы жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде ШЫҰ Бас хатшысы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бойынша пікір алмасу өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗