00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мемлекет басшысы Хромтаудағы шахта жұмысымен танысты

10 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Мемлекет басшысы Хромтаудағы шахта жұмысымен танысты
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1 800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.