Қасым-Жомарт Тоқаев Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

22 қазан, 2025
Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді

21 қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

21 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

16 қазан, 2025
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді