Оқиға

Астанада лифтте пышақ жарақатын алған бала ауруханадан шығарылады

Астанада дәрігер лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Емдеуші дәрігер Юсуп Гусейновтың айтуынша, беті пышақталған бүлдіршіннің жағдайы дұрысталып келе жатыр. 

«Бүгін тігістер алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, бала белсенді. Тексерістен кейін бүлдіршінді шығару туралы ойлануға болады», – деді №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастаған. Кейіннен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жасөспірімнің қайда екенін айтты