Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
Қорғаныс министрлігі телеграмм арнасынан

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министрліктің мәліметінше,  іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті.
 
Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды.

Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады.