Елордалық Ә.Мәмбетов атындағы театр ұжымының 70%-ы – жастар
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының басшысы Александр Майер айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Алдыңғы кезеңде Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры өз қызметін жоғары дәрежеде тұрақты көрсетіп келеді. Театр спектакльдері көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып келе жатыр.
Театр бірнеше рет республикалық және халықаралық театр фестивальдеріне, оның ішінде «ТеатрaALL» және «М@рт.Контакт» фестивальдеріне қатысып, олардың көпшілігінде лауреат атанып, Қазақстан бойынша бірнеше гастрольдік сапарлар жасады. Бүгінгі және алдағы уақытта театр қызметінің одан әрі тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, еліміздің театр өнерінің дамуына үлес қосу, қол жеткізген жетістіктерін сақтау маңызды, - дейді Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының басшысы Александр Майер.
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры миссиясы - қоғамның театр өнеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар, жұртшылықтың талғамына сәйкес, әлемдік театрлардың жетістіктері тұрғысынан ағартушылық қызметті жүйелі түрде жүзеге асыру.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының сүйіктісіне айналған театрдың репертуарында әртүрлі жанрдағы көрермендердің жүрегіне ізгі жол салатын, адамгершілікке, ынтымаққа баулитын, адам жанын рухани байытатын, қызықты да әсерге толы 22 қойылым бар. Сонымен қатар, аталған спектакльдер «Abai.tv» мәдени-ағарту телеарнасынан көрсетілуде. Қазіргі таңда театрда 70% жастар жұмыс істейді.
Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 2023 жылы Белоруссияның Могилев қаласында өткен «М@рт.Контакт» халықаралық театр фестивалінде «Чарли Чаплин» қойылымы «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алды. Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы мен халықаралық театр күніне орай өткізілетін «Сәлем» халықаралық комедиялық театр фестивалінде «Чарли Чаплин» трагикомедиясымен бас жүлдені жеңіп алды.