Барлық жаңалықтар

15 тамыз, 2024
Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағытындағы рейстер саны екі есеге артады
Осылайша 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратынын хабарлады.
Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің эконом...

15 тамыз, 2024
«Билетке ақшам жоқ»: ер адам үйіне пойыздың төбесіне отырып қайтпақ болған (ВИДЕО)
Оқиға 24 шілде сағат 22.45-те болған.
«Алматы-1» вокзалындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-Орал» пойызының төбесінде жатқан ер адамның кесірінен машинист «Алматы-2» вокзалында пойызды шұғыл тоқтатқаны туралы хабарлама түскен. Көлік полицейлері пойызды тоқтатқаннан кейін құқықбұзушы вагонның төбесінен...

15 тамыз, 2024
Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде кадет жарақат алды
Қазіргі кезде әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, -...

15 тамыз, 2024
Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытына авиабилет сатылады
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылған Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2 700 метрге дейін ұзарту және рульдеу жо...

15 тамыз, 2024
Турист әуеде ұшақтың жанармайы таусылғаны туралы айтты
Tengritravel.kz мәліметінше, төтенше жағдай өткен сәрсенбіде кешке Ланзароттан (Канар аралдарының бірі) Дублинге (Ирландия астанасы) ұшу кезінде болды. ЕІ779 рейсі тағайындалған жерге жете алмады, лайнер Шеннонға (Ирландиядағы қала) жіберілді. Ұшақтың маршруттан ауытқуының себебі экипаждың Дублиндег...

15 тамыз, 2024
Елордада «Абай әлемі» атты көрме өтіп жатыр
Көрмеге ақынның өлеңдері мен қара сөздері, аудармалары және өмірі мен шығармашылығына арналған 50-ден астам еңбек қойылған.
Ұлы ақынның 10 тамыз туған күні қарсаңында біздің кітапхана арнайы көрме жасақтап, жас оқырмандар назарына ұсынып отыр. Жалпы кітапханаға орташа есеппен күніне 70-80 оқырман к...

15 тамыз, 2024
eGov mobile қосымшасында жаңа бөлім іске қосылады
Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, ауруды ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервис...

15 тамыз, 2024
ДДСҰ басшысы қазақ тілін үйренуге ниетті
Ол Қазақстанға алғаш рет 2017 жылы келген.
Бұған дейін Қазақстанда екі рет келдім. 2017 жылы Алматыға алғаш рет келдім. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. Ол кезде Қазақстанмен туыстық байланысым жоқ еді. Біз 2022 жылы құ...

15 тамыз, 2024
Мәдина Сәдуақасова жарнамалаған курс жарамсыз сертификат таратқан (ФОТО)
500 мың теңге төлеп, бірнеше ай онлайн форматта білім алғандар «Health Academy» денсаулық академиясы табыстаған дипломы мен сертификаттары жеке кәсіп ашуға жарамсыз екеніне наразы.

15 тамыз, 2024
«Халықтық IPO» бағдарламасының қатысушыларына күніне 50 мың теңгеден төлене ме
Мемлекет басшысы 2021 жылдың қаңтарында «Халықтық IPO» бағдарламасын қайта жаңғыртуды тапсырғаны рас. Бұл тапсырманы «Самұрық-Қазына» қоры орындайды. Алайда оның бұл жарнамаға қатысы жоқ. Хабарландыру «Lost Dog Street Band» деп аталатын белгісіз аккаунттан тараған.Соңғы уақытта осындай мазмұндағы ал...

15 тамыз, 2024
Биыл мемлекет меншігіне 5 млн гектар жер қайтарылмақ
Министрліктің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бі...

15 тамыз, 2024
2023 жылдан бастап елімізде цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесі өседі
2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылды (№ 135-VII ҚРЗ). Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты қ...

15 тамыз, 2024
Корея елшісі Нұр-Сұлтан – Сеул әуе рейсі қашан ашылатынын айтты
Пандемияның ауыр кезеңі бәсеңдегеннен кейін Корея Республикасы әлемдегі 30-дан астам мемлекетке ғана Кореяға визасыз кіру режимін қайта ашты. Соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Сонымен қатар, біздің елдер үшін екі ел арасында адамдардың қарым-қатынасы маңызды, яғни туристік байланыс. Сонд...

15 тамыз, 2024
Қазақстан меншік құқығын қорғау деңгейі бойынша әлемде нешінші орында
Ел индексі 5,275 көрсеткішін құрады. Индекс неғұрлым жоғары болса, елдегі құқық қорғау деңгейі де тиісінше соғұрлым жоғарылайды. Рейтинг меншік құқығының негізгі институттары: құқықтық және саяси ортаға, физикалық меншік құқығына және зияткерлік меншік құқығына баға береді.Қазақстанның құқықтық және...

15 тамыз, 2024
Маймыл шешегі жабайы маймылдар жоқ елдерде ғана анықталғаны рас па
Stopfake.kz мәліметінше, 8 тамыздағы жағдай бойынша Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сәйкес, маймыл шешегі 88 мемлекетте, соның ішінде жабайы маймылдар бар елдерде тіркелген. Приматтар Аргентинада, Мексикада, Мороккода және басқа елдерде тіршілік етеді.Сонымен қатар маймыл...

15 тамыз, 2024
Нұрлыбек Нәлібаев: Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары сапалы аяқталуы керек
Биыл өңірдегі 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген. №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектепке барған облыс әкімі білім ордасының оқу процесіне әзірлігін бақылады. Аймақ басшысы жыл сайын апатты мектептерді жойып, жаңа мектептердің желісін көбейту...

15 тамыз, 2024
«Жасыл Қазақстан» жобасына 161 миллиард теңге бөлінеді – министр
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.2021 жылы Ұлттық жобаның міндеттерін жүзеге асыруға 89,3 миллиард теңге, биыл шамамен 161 миллиард теңге қарастырылған. Атырау мұнай өңдеу зауытында түтін газдарын като...

15 тамыз, 2024
Күз айлары жылы әрі жаңбырлы болады
Синоптиктердің айтуынша, күз айларында жел соғатын жаңбыр күндер де, жылы күндер де болады.Күздің алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 1-2 градустан жоғары болады деп күтілуде.Ал қарашада елімізде жылы болады деп болжанды.Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын Қазақстанн...

15 тамыз, 2024
«Ұйықтап кетсем, бақұл болыңдар»: Белгілі журналист халықпен қоштасу хатын жазды
Менің өліміме мына адамдар кінәлі..."» деп, өзіме оффлайн-өмірде иттік жасаған, онлайн өмірде кибербуллинг жасаған жүз адамның демей-ақ қояйын, он адамның аты-жөндерін жазып, фактілерді жариялап кетейін бе?..
Қорықпаңдар. Мен қандай ит болсам да, ондай жексұрын тірлік жасамаймын. Жөнімен өлетін...

15 тамыз, 2024
Қашағанда жұмыс қайта жанданды
Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталатындығы туралы хабарлайды. Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу — Қашаған кен о...

15 тамыз, 2024
Елде киіктерді ақылы түрде ату мәселесі қаралып жатыр
Қазіргі кезде осыған қатысты мәселе қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
Біз келесі жылға спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Осыған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін ай...

15 тамыз, 2024
Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны қанша
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%, - деп жазылған хабарламада.
Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-С...

15 тамыз, 2024
Қазақстандықтар тағы қай мемлекетке визасыз бара алады
Қазақстандықтар елге алғашқы кірген күннен бастап әрбір 180 күндік кезең ішінде Никарагуада 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз бола алады.
Екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға не оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген бір тарап мемлекетінің...

15 тамыз, 2024
Ұшақты төрт сағаттан артық күткен жолаушыларға ыстық тамақ берілуі керек пе
Шара барысында қалың көпшілікті толғандырған мәселелердің бірі әуе рейстерінің кешігуі және әуе компанияларының жолаушылар алдындағы жауапкершілік мәселесі болды.Бұл сауалға басқосуда Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева жауап берді.Ол рейстерді кешіктірген авиакомпани...

15 тамыз, 2024
Шұжық жегендер тез қартайып кетеді – маман
Сарапшы «Суперфудтарды» пайдалы тағам деудің ғылыми негізі жоқ екенін, ол маркетологтардың ойлап тапқаны, – дейді Мотина.Жақында ресейлік ғалымдар шаян таяқшаларын, сондай-ақ басқа да өңделген өнімдерді жиі қолдану ағзаның қартаю процесін тездетеді деген қорытындыға келді. Халықаралық диеталық ереже...

15 тамыз, 2024
10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, күндіз уақыттарда бұршақ және оңтүстік-шығысында дауыл болуы ықтимал. Республиканың солтүстігін...

15 тамыз, 2024
Ет бағасы қымбаттай ма
Малдың басы өсіп жатыр. Ет экспортының көлемі де артуда. Мысалы, ірі қара мал, ұсақ малдың өңделген етінің экспорт көлемі өсіп жатыр. Сондықтан ахуал тұрақты. Енді бағасының өсу мәселесіне тоқталайын. Мал шарашуалығында өзінің шығындары бар. Мысалы, сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, салаға ке...

15 тамыз, 2024
Елордада 25 сотталғанға электронды білезік тағылды
Жыл басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметімен 25 есептегі сотталғанға электронды білезік тағылды. Аталған учаскеде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қатынасқа қол сұғушылыққа қарсы қылмыс жасағандар және бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жаза...

15 тамыз, 2024
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр
2022 жылы әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-д...

15 тамыз, 2024
«Қылмыстық топтың мүшесі емеспін»: Мұхамеджан Тазабек Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғанын айтты
Nege.kz жазуынша, Мұхамеджан Тазабек ешкімнен қашып жүрген жоқ. «Қайрат ағамен түскен сапасыз суреттерді ап тастадым»– Әлеуметтік желіден байқағанымыздай, Түркияда, Дубайда, Грузияда жүрсіз. Не себеп?– Қазір шығармашылық демалыстамын. Біраз ойда жүрген жұмыстар бар еді. Соларды қолға алудың реті енд...

15 тамыз, 2024
«Әйелім жұмыс істейді»: елордалық еркек балаларын бағып, декреттік демалыста отыр
Еуразия бірінші арнасының сюжетінде атап өтілгендей, биыл Қазақстанда 3,5 мың әке бала күтіміне байланысты демалыста болса, олардың саны көбейген сайын қоғамда өткір даулар өршіп барады. Ниязбек Смағұловтың таңы кофеден емес, үш баланы бағудан басталады. Ең кішісі небәрі бір жарым жаста. Ниязбек те...

15 тамыз, 2024
26 тамызға арналған ауа райы болжамы
Кең ауқымды және аз қозғалатын антициклонның оңтүстік, оңтүстік-шығыс перифериясы бұрынғысынша еліміздің басым бөлігінің ауа райының қалыптастырып, ашық және құрғақ ауа райын сақтайды. Сондай-ақ, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақтала о...

15 тамыз, 2024
Күзде Қазақстаннан қандай жаңа рейстер ашылады
Air Astana әуе компаниясының өкілдері өздерінің жоспарларын хабарлады. Қыста Пхукет (Таиланд), Мале (Мальдив аралдары) сияқты туристер арасында танымал бағыттарға рейстер санын көбейту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Ташкент пен Делиге рейстер іске қосылады. Қазір қазан айының соңында аптасына төрт ре...

15 тамыз, 2024
13 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Солтүстік Батыс антициклоны ҚР басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын, сондай-ақ температуралық фонның ақырындап төмендеуін анықтайды. Фронтальды іс-қимылмен Орталық, Шығыс және оңтүстік – шығыс өңірлерде жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр, олар найзағаймен, екпінді желмен, бұршақпен жауады....

15 тамыз, 2024
17 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жаңбыр...

15 тамыз, 2024
Қарулы күштерде командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығулар Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру және ведомствоаралық іс-қимылды үйлестіру туралы тапсырмасын ескере отырып ұйымдастырылып отыр.Әскери басқару органдары, Қарулы күштер түрлерінің құрамалары мен бөлімдері, басқа да әскерлер мен...

15 тамыз, 2024
«Land Cruiuser 300»: Жас келін мәһірге қымбат көлік сұрап, күйеуін тығырыққа тіреді (ВИДЕО)
Екі жас неке қию рәсіміне келмес бұрын келісіп алғанға ұқсайды
Мәһірге Land Cruiuser 300 көлігін сұраймын, – деді жас келін.
Араларыңда келісім болса болды. Екінші рет қайта айтылмайды. Негізінде мұндайда қатты қымбат та, арзан да зат сұрамау керек. Ертең алып бере алмай қалып, ұят болып жүрмесі...

15 тамыз, 2024
Елордалық ҚХА қайырымдылық акциясын өткізді
«Мектепке жол – Бар мейірім балаға» ұранымен өткен акцияда әлеуметтік қолдауға мұқтаж көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдары салынған сөмкелер берілді.
Мен 9 жастамын. Биыл 4-ші сыныпқа барамын. Мектепке баруға дайынмын. Доста...

15 тамыз, 2024
Қазпошта 28 тамыздан бастап жұмыс істемейді
Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызы сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамыз күнгі сағат 08:00-ге дейін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошта және қ...

15 тамыз, 2024
БЖЗҚ азаматтарды алданып қалмауға шақырды
Өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын белгісіз адамдардың қоңырау шалу жағдайлары басталды. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлем...

15 тамыз, 2024
WhatsApp-та енді телефон нөмірін өзге адамдардан жасыруға болады
Басылымның мәліметінше, бағдарлама құрастырушылары қауымдастық мүшелерінен телефон нөмірін жасыру мүмкіндігін сынап жатыр.Енді топқа қосылу кезінде телефон нөмірі автоматты түрде жасырылып тұрады. Пайдаланушы нөмірін кімге көрсетуді өзі таңдай алады.

15 тамыз, 2024
Қазақстандық әскерилер «АрХО-2022» байқауында көш бастап тұр
Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтіп жатқан «Тактикалық мерген» байқауының бірінші кезеңінде біздің атқыштар сәтті өнер көрсетті. «Біліктілік», «Жаралыларды эвакуациялау» және «Қорғаныс» жаттығуларында еліміздің әскери қызметшілері Өзбекстан мен Қытай командаларын артта қалдырды...

15 тамыз, 2024
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 300 мыңнан астам қатысты
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 9 мыңға жуық адам жіберілді. Ал өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адамға мемлекеттік грант берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қ...

15 тамыз, 2024
«Әділдікті талап ет!»: Елде ауқымды науқан басталды
Оған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Науқан барысында автожол саласы мәселелері қозғалып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жемқорлық тәуекелдерін анықтауға баса назар аударылатын болады.Мемлекет автожол саласына үлкен қаражат бөлетініне қарамастан, өкінішке қ...

15 тамыз, 2024
Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауады.19-20 тамызда еліміздің шығысында нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал республиканың қалған бөлігінде метеожағдай сипаты өзгермейді. Жоғары атмосфералық қысым аясында ж...

15 тамыз, 2024
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың тағы да жаңа түрі пайда болды
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар", – деп жазды компания.

15 тамыз, 2024
Елімізде тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өседі
Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызмет...

15 тамыз, 2024
«Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ»: тұрмыстық техника сататын сауда үйлері жазаланды
«Arena S» ЖШС (Sulpak) және «Techodom Operator» АҚ сияқты бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы нормаларының сақталуына, атап айтқанда, өнімді таңбалауда және Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісіне жоспарда...

15 тамыз, 2024
Зертханалар сапалы өнімді тұтынуға мүмкіндік береді – маман
Басшының айтуынша, қазіргі таңда еліміз бойынша 1500 зертхана бар. Оның тек 944-і тіркелген.
Зертханалар қазақстандықтарға сапалы өнімді тұтынуға мүмкіндік береді. Олар маңызды құрал болып саналады. Халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін керек. Себебі зертхана болмаса шетелден келетін өнімнің сапасын а...

15 тамыз, 2024
15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауруды Солтүстік-Батыс антициклонының ықыласымен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды, сондай-ақ температураның біртіндеп төмендеуі байқалады.Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы ауданында фронтальді бөлімшелердің өтуімен жаңбыр, найзағай, екпінді жел күшейеді.
К...

15 тамыз, 2024
«Ұятсыздар»: Әскери сарбаздардың «беташары» елдің ашуына тиді
Алайда бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Видеода бір топ сарбаз ғимараттың ішінде «беташар» рәсімін өткізіп жатқан сәті түсіп қалған. Жас келін мен оны қолтықтап тұрған екі жеңгесінің рөлінде де сарбаздар тұр. Асаба домбырамен әндетіп, «келінге» жаңа туыстарын таныстыруд...

15 тамыз, 2024
«Топастар»: Тұсаукесерінде темекі таңдаған бала елді шошытты (ВИДЕО)
Видеода көрсетілгендей, жерге арнайы ақ төсеніш жайылып, 4-5 жігіт балақайдың тұсауын кеседі.Екі жігіт сәбидің тұсауын қағазбен кеседі. Бұл әрекеттеріне өздері риза. Баланың алдына тапанша, темекі, көліктің кілтін қойған. Кішкентай балақай темекіні таңдады. Бұған жігіттер мәз болып күледі.Олардың б...

15 тамыз, 2024
Whatsapp-та жаңа функция пайда болды
WABetaInfo мәліметінше, мессенджердің жаңа функциясы пайдалануға дайын.WhatsApp әзірлеушілері жаңа мүмкіндік жақын арада мессенджердің Android, iOS бета-нұсқаларында қосылатынын мәлімдеді. Желі қолданушыларынің статусын жасыра алатыны жөніндегі жаңалық шілде айының басында белгілі болған еді.

15 тамыз, 2024
Елордада тағы бір қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып әкелінген әрбір клиент үшін қосымша % төлеуге уәде береді. Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді. Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қараж...

15 тамыз, 2024
Қытайлық әшкерелеуші маймыл шешегінің COVID-19 қарсы вакцинадан өршігенін мойындады ма
Stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды. Майлз Го парақорлық, ақшаны жылыстату, ұрлау және зорлау айыптарынан кейін АҚШ-қа қашып кеткен қытайлық миллионер. Ол бірқатар қастандық идеяларының белсенді жақтаушысы, оның ішінде вакциналар өмірге қауіпті, ал COVID-19 ауруы жоқ деген де бар. Мұның бәрі он...

15 тамыз, 2024
Жәннатта әр еркекке 5000 қыз беріледі – медресе ұстазы (ВИДЕО)
Дина Таңсәрінің айтуынша, видеодағы жігіт – Түркістан облысындағы медреселердің бірінің ұстазы.Медресе мұғалімі видеода осылай дейді:
Оларға жәннатта пәк, таза әйелдерден беріледі. Мына дүниеде біздер мұсылманшылықты ұстаған халықпыз. Пәк қыздар әлі де болса көп өте. Бірақ қыз қанша жерден пәк болс...

15 тамыз, 2024
Биыл 1 500-ге жуық есірткі қылмысы тіркелді – ІІМ
Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 874 сату фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері еліміздің аумағында барлығы 4 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі си...

15 тамыз, 2024
Елордада партия белсенділері марапатталды
Бұған Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов және БПҰ өкілдері және «Жастар рухы» ЖҚ жастары мен партия белсенділері қатысты.
1 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Кейін жеке пленарлық отыры...

15 тамыз, 2024
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдайтын ант мәтіні өзгереді
Құжатқа сәйкес, енді аталған қызметтерді атқаратын азаматтар келесі мәтін бойынша ант қабылдайды:Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:- өз халқына адал қызм...

15 тамыз, 2024
Қазақстан мен Беларустің «Орбұлақ -2022» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды
Бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы барысында екі елдің арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына көтерілді.Екі апта бойы екі елдің әскери қызметшілері «Көктал» оқу полигонында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығында шарт...

15 тамыз, 2024
Халал өнім дегеніміз тек шошқаның еті болмауы емес – маман
Шұжықты алайық. Мұндағы мәселе малдың етін өңдеумен шектелмейді. Егер малға антибиотиктер берілсе, оның еті халал болмауы мүмкін. Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Халал өнім дегеніміз онда тек шошқаның еті болмауы емес. Сондықтан халал таңбасы қойылған өнімдерге алданып қалмаңыз...

15 тамыз, 2024
Енді сапасыз жол туралы құпия түрде шағым түсіруге болады
Бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып, әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады. Бірақ бұл жерде қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін ескертемін. Қажет болса, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жасауға болады. Adildik.kz...

15 тамыз, 2024
Бала терезеден құламау үшін не істеу қажет
Қалалық ТЖД-де ата-аналар балалармен тұрақты негізде әңгіме жүргізіп, оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмау керектігін атап өтті. Оның ішінде балалардың төсекте немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарда ойнауына жол берме...

15 тамыз, 2024
Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық салынады
Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық елдеріміздің достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті.Өнер орталығының жалпы ауданы – 3 100 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат 600 адамға арналған. Биыл қыркүйек айында іргетасы қаланып, 2023 жылдың ж...

15 тамыз, 2024
Жеңілдетілген лизинг бойынша алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы 17 тамызда беріледі
Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасы басталған күннен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға отандық өндірістің 93 тракторы мен 52 комбайнын сатып алу үшін Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,3 млрд теңгеге 113 өтінім келіп түсті, - деп жазылғ...

15 тамыз, 2024
Google Maps Қазақстандағы жұмбақ орынды жариялады
Торғай трикветрі – ауқымды геоглиф. Ағаштыкөл ауылының маңында орналасқан. Бұл үш сәулелі свастика түріндегі қорған, диаметрі 94 метр, орташа биіктігі шамамен 70 сантиметр. Свастика адамзат тарихындағы ең көне белгілердің бірі болып қала береді және бірнеше символдық мағынаға ие болуы мүмкін - өмір,...

15 тамыз, 2024
Еліміздегі халық саны қаншаға жетті
Бюро мәліметінше, жалпы халықтың ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%) болған. Яғни, 2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2 есеге өскен.2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауымм...

15 тамыз, 2024
Еліміздегі шығыны ең көп министрлік анықталды
2023 жылдың республикалық бюджеті жобасында бұл соманы 7 трлн 867,7 миллиард теңгеге дейін күрт ұлғайту көзделген. Сонда мемлекеттің төл шығындары ЖІӨ-нің 6,5%-ына жетпек. Мұнымен тоқтамай, сомасы ары қарай шарықтайды: 2024 жылы 8 трлн 110,4 млрд (6,1%), ал 2025 жылы 9 трлн 22,3 млрд теңгеге (6,2%)...

15 тамыз, 2024
Нығматулиннің күйеу баласы қызметінен кетті
2022 жылғы 23 тамызда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Азат Ғаббасұлы Бектұров басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен босатылды, - де...

15 тамыз, 2024
Бүгін жаңбыр жауып, үсік жүреді
Еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Ауқымды солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында фронталды аймақ әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауа...

15 тамыз, 2024
Елордада экскаватор жүргізушісі шөмішпен жүк көліктерін қиратқаны рас па
Видео астында кадрлар Нұр-Сұлтанда түсірілген, ал экскаватор жүргізушісі қарағандылық деп жазылған. Жұмыс беруші үш ай бойы жалақы төлемегендіктен ол көліктерді қирата бастаған. Stopfake.kz бұл ақпаратты жалған деп таныды.Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті видеоға қатысты түсініктеме берді....

15 тамыз, 2024
Полицейлер мен ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды (ВИДЕО)
24 тамызда Бурабай аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293-бабының 2-бөлігінің1-тармағымен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп жазылған Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария еті...

15 тамыз, 2024
Жыл басынан бері 14 журналист өлтірілді
Клаудия штатының Бас прокуроры Индира Контрерас Кордова A Que Le Temes порталының тілшісі Лопес 9 тамыздан бері табылмағанын хабарлады. Оның әріптестері мен отбасы мүшелері соңғы мәрте оны 8 тамызда көргенін айтты.Мексикада БАҚ өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық толқыны басылмай тұр. 10 қаңтарда журна...

15 тамыз, 2024
Google ұшақ билеттерін сатуды тоқтатты
TourDom мәліметінше, Google баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы 12 айда компания Google Авиабилеттері (Flights) сервисі үшін Google (Book on Google) арқылыброндау жүйесінен біртіндеп бас тартуды жоспарлап отыр. «Басында біз осы функцияны ұсынған едік, оның арқасында билеттерді сатып алу жеңілдей...

15 тамыз, 2024
Қай өңірде кісі өлтіру дерегі көп тіркеледі – статистика
Оның ішінде 356 кісі өлтіру дерегі тіркелсе, 181 іс адам өлтіруге дайындалу және оқталу бойынша қозғалған. Алматы зорлық-зомбылықтан қаза тапқандар саны бойынша көшбасшы болды.Қазақстанда аналардың жаңа туған нәрестесін өлтіруіне қатысты дерек тіркелсе, тағы бес кісі өлімі өзін-өзі қорғаудың тиісті...

15 тамыз, 2024
Әуеде 19 сағат ұшатын рейс аталды
Ұшу шамамен 19 сағатты алады. Бұл көрсеткіш - бүгіндегі азаматтық авиацияда туристерді бір орыннан екінші орынға тұрақты тасымалдау кезінде әуеде болу ұзақтығы тұрғысынан рекорд. Мұндай ақпаратты саяхат деректерін талдаумен айналысатын Cirium компаниясы жариялады.Сарапшылар қосымша рейстердің таныма...

15 тамыз, 2024
Елордада «ArtSport» бағдарламасы бойынша ваучерлер таратыла ма
WhatsApp әлеуметтік желісінде бүгін елордада сағат 16:00-де ArtSport» бағдарламасы бойынша ваучерлер берілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі ваучерлерді үлестірген емес және үлестірмейді де. Бұл жұмыс ж...

15 тамыз, 2024
Қос азаматтығы бар әйел Қазақстаннан шығарылды
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау фактісін анықтады.
Қазақстан Республикасының азаматы, 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ қолданыстағы заңн...

15 тамыз, 2024
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздары анықталды
Биыл жетінші рет өткізілген байқаудың қазылар алқасының мүшелері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Бас редакторлар клубының басшысы Бібігүл Жексенбай және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев болды.Қазылар алқасы соңғы он екі айда жарияланға...

15 тамыз, 2024
«Ұшақта бомба бар»: елордада жолаушылар әуе рейсіне отырғызу кезінде дүрлігіп қалды
21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында «TURKISH AIRLINES» авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет а...

15 тамыз, 2024
«Жын кірген»: Елордадағы бас мешітте айғайлап, секіріп билеген қыз ұятқа қалды (ВИДЕО)
Құлшылық ету орнында айқайлап, секіріп билеп жүрген қызға мешіттегі адамдар назар аудармаса да, оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.Алайда мешітке келушілердің ешқайсысы қызды тоқтатуға тырыспағаны елдің ашуына тиді.
«Адамдар не қарап тұр?», «Ішіне жын кірген бе?», «Мешіт қыдыра...

15 тамыз, 2024
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, тамыздағы демалыс күні дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстырылды.Осылайша, қазақстандық мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.

15 тамыз, 2024
Ерлан Қарин 5 жасар Мәдинаның жақындарына көңіл айтты
Соңғы күндері бүкіл ел Қостанай облысынан жақсы жаңалық күтіп отырды. «Бес жастағы Мәдина із-түссіз жоғалып кетті» деген хабар тарағаннан бастап бүлдіршіннің аман-есен табылып, ата-анасымен, бауырларымен қауышқанын тіледік. Өмірге енді келген жеткіншектің жапан түзде жалғыз жүргенін ойлаудың өзі қ...

15 тамыз, 2024
Елордада қоғамдық моншаға келуші ұялы телефон ұрлады
Тергеу барысында ұры кілттерімен келушілердің заттары сақталған киім ауыстыратын бөлмеге қарай бет алғандығы анықталды. Содан ол еркін қол жеткізу арқылы ұяшықтардың бірінен екі ұялы телефонды ұрлап алып бөлмеден шығып кеткен. Келтірілген шығынның жалпы құны 500 мың теңгені құрады.Ұрлық фактісі бойы...

15 тамыз, 2024
Елде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттады
Еnergyprom сарапшылары өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуін Түркістан облысында байқалды 50,1%. Сондай-ақ Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттады.Былтырдан бері ең аз қымбаттау Жамбыл облысында тіркелді: 1,2%.Мысалы, сурет дәптері былты...

15 тамыз, 2024
Елорда мешітінде ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды (ВИДЕО)
22 жастағы мигрант мешітте ұрлық жасаған. Шетелдік азаматтың ұрлықтың алты фактісіне қатысы бар. Ұрланғандардың ішінде ақша мен ұялы телефондар болған. Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген, - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысынд...

15 тамыз, 2024
ІІМ азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады
Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.
ІІМ сақтық шараларын еске салады:
– ақшаны қауіп...

15 тамыз, 2024
Әлемде жаңа көліктердің сатылымы 6%-ға артты
Осы жылдың шілде айында LMC Automotive мәліметтері бойынша, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 5,8% көп. Дегенмен, өсім Қытайдың арқасында мүмкін болып отыр. Сатылымның үштен бірі Қытайға тиесілі: шілдеде 2,5 млн-ға жуық жаңа автокөлік пен жеңіл коммерциялық көлік сатылды, көрсеткіш өткен жылд...

15 тамыз, 2024
Әлеуметтік желі арқылы танысқан жас жігіт 74 жастағы әжейге үйленбек
Таныстықтың соңы үлкен махаббатқа ұласқан көрінеді. Бұл жұп үйлену тойын жасауды жоспарлауда.Ғашықтар алғашқы кездесуге дейін төрт ай бойы телефонмен сөйлескен.74 жастағы әжейдің төрт баласы, 13 немересі және 36 шөбересі бар.Девонның балалары жоқ, бірақ ол бұрын 24 жасында үйленген. Бірақ 74 жастағ...

15 тамыз, 2024
«Баланы бірге мектепке дайындайық» атты республикалық акция басталды
Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Іс-шараның мақсаты - тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Мұндай көмекті 1 қыркүйек...

15 тамыз, 2024
Адамдар көбіне қай уақытта қайтыс болады
Оның айтуынша, адамдар көбіне таңғы 4-5 кезінде қайтыс болады.Кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Серебрянскийдің айтуынша, дәл осы уақытта жүректің жұмысы бәсеңдейді деген биоритм бар.
Ал жүрегі және гипертониялық аурумен ауыратын адамдарда бұлар әсіресе таңғы уақытта күшейеді...

15 тамыз, 2024
Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Конституция күніне байланысты Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейтінін мәлім етті.
Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар 29 тамызда 9.00-ден 13:00-ге дейі...

15 тамыз, 2024
ХҚКО мүгедектерге төлқұжат алғаны үшін мемлекеттік баж салығын заңсыз салған
Талдау барысында 500-ден астам мүгедек азаматтың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес аталған тұлғалар құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған.
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен азаматтарды...

15 тамыз, 2024
«Ұят-ай!»: Сүндетке отырғызылған жасөспірім жаға ұстатты (ВИДЕО)
Видеода тойхананың ішіне аттың үстінде отырған бозбаланы екі жігіт екі жағынан сүйемелдеп кіріп келе жатқаны көрсетілген. Ал той қонақтары аттың үстінде тұрған қоржынға көрімдік ақшаларын салып жатыр.Желідегі оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Олардың бір тобы жасөспірім балаға мұндай сүндет тойды...

15 тамыз, 2024
Инватакси қызметін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру ұсынылды
Бұл туралы министр Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды.
Кездесуге басқа да министрліктердің өкілдері шақырылды. Қазіргі таңда Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Көбіне бұл кісілер әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған, себебі олар тіркелген таксопарктердің кейбірі тиісті салық пен а...

15 тамыз, 2024
2 млн теңгеге сәбиін сатпақ болған ата-ана мен делдардар ұсталды
Жұп әлі тумаған баланы сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастаған. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келген. Олар 48 жастағы У. есімді азамат пен 46 жастағы Е. есімді әйел. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыста жасалды. Алайда, Криминалдық полиция мен Ұйымдасқан қы...

15 тамыз, 2024
Елімізде тұрғын үй сатып алу-сату операцияларының саны қысқарды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үй нарығы құлдырап тұр. Оның үстіне барлық өңірлерде теріс көрсеткіш тіркелді. 2022 жылдың маусымымен салыстырғанда транзакциялар саны 2%-ға азайған.
Өңірлер бойынша шілдеде ең көп мәміле Алматы қаласында – 4 915 және Нұр-Сұлтан қаласында – 4 391 мәмі...

15 тамыз, 2024
Биыл есірткі сатқан 2,5 мың адам ұсталған
2022 жылғы 7 айда есірткі сатқаны үшін 2,5 мыңдай адам жауапқа тартылып жатыр. Оның ішінде 15 жасөспірім бар. Олар есірткіні жасырын сатқан және жасырған, - деді ол.

15 тамыз, 2024
17 мыңнан астам салымшыны алдаған атышулы қылмыстық топқа үкім шықты
Ұйымдастырушылары 18 жылға, ал қатысушылары 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Аталған қылмыстық іс 2021 жылдың маусым айында сотқа жолданған болатын. Қылмыскерлер 17 000 қазақстандықты алдап, 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген болатын.

15 тамыз, 2024
Қазақстандық тағы бір қалаға Уфадан рейс ашылады
Енді Башқұртстан астанасы Уфадан әуекемелері енді Ақтауға да ұшатын болады деп хабарлайды.Рейстің қашан ашылатыны белгісіз. Әуе тасымалдаушысының ресми сайтында Уфадан Ақтауға рейстің пайда болуы туралы әзірге ақпарат жоқ.Бұған дейін Уфадан Нұр-Сұлтан мен Алматыға Red Wings ұшулары бастау алған бола...