Барлық жаңалықтар
Алматыда жасырылған қару-жарақ табылды
15 тамыз, 2024
Алматыда жасырылған қару-жарақ табылды
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аумақты инспектор-кинолог қызметтік із кесуші ит көмегімен тексеріп шықты. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған зат сараптамаға жіберілді. Олар жаппай тәртіпсіздік барысында ұрлануы және қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін, - деп мәлімдеді Медеу...
Қазақстандағы танымал ұлттық саябақтардың үздік бестігі аталды
15 тамыз, 2024
Қазақстандағы танымал ұлттық саябақтардың үздік бестігі аталды
Өткен жылы отандық ұлттық саябақтар 1,48 миллион адамды қабылдады. Бұл - соңғы бес жылдағы рекорд көрсеткіш. 2021 жылы туристердің көбі Бурабайға келді - 655 000-нан аса адам. Келушілер саны бойынша екінші орында - Іле Алатауы, көрсеткіші 430 044 адам. Көшбасшылар үштігінде 160 520 демалушы келген К...
Қазақстан интернеті тәуелсіз емес
15 тамыз, 2024
Қазақстан интернеті тәуелсіз емес
Осылайша, еліміз "интернеті тәуелсіз емес" деген мәртебе ие болды. Рейтинг әлемнің әртүрлі елінде интернеттің қаншалықты тәуелсіз (цензурадан) екенін және мемлекет елдегі интернет жұмысына қаншалықты араласатынын көрсетеді.Тізімде Қазақстанның көрсеткіші ТМД-ның көптеген елінен (бұрынғы қатысушылард...
Танымал вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды
15 тамыз, 2024
Танымал вайнерлер Төребаев пен Шерниязов қамауға алынды
Оларға Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ашып, халықты алдады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қаржы пирамидасы ісіне қатысты тағы үш күдікті анықталды. Олар – Mudarabah Capital серіктестігінің мүшелері, сот шешімімен «кепіл» тү...
Алматыда деструктив діни ағым өкілі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды
15 тамыз, 2024
Алматыда деструктив діни ағым өкілі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыстық іс бойынша сараптамалық зерттеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Алматы Полиция департаменті Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 11 қаңтарында "Ақбұлақ" ықшамауданында де...
Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
15 тамыз, 2024
Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші былтыр қыркүйекте күдіктілердің бірімен кездескені анықталды. Ер адам кәсіпкерге қарызды қайтару мәселесін шешуге уәде берген. Сол уақыттан бері күдіктілер күш қолданып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған. Полиция ұйымдасқан қ...
Үкімет басшысы жер қойнауын пайдалану саласын тексеруді жеделдетуді тапсырды
15 тамыз, 2024
Үкімет басшысы жер қойнауын пайдалану саласын тексеруді жеделдетуді тапсырды
Қазіргі уақытта ел аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін шамамен 1 млн 324 мың шаршы шақырым алаң қарастырылған. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына 1 млн 65 мың шаршы шақырым жер қойнауы қосылған, тағы 259 мың шаршы шақырымы қосылады.Геологиялық барлау саласына инвести...
Айфонды енді құлақпен ашуға болады
15 тамыз, 2024
Айфонды енді құлақпен ашуға болады
Apple компаниясы патенттік өтінімінде iPhone телефонымен жұптастырылған құлаққаптар пайдаланушы мен электрон құрылғы арасында пайдалы интерфейсті қамтамасыз ете алатынын атап өтеді. Жалпы, құлаққапты басқа құрылғыдан аудио тыңдау және құлаққап арқылы телефонға дауыстық командалар беру сияқты басқа д...
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын пилоттық жоба іске қосылмақ
15 тамыз, 2024
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын пилоттық жоба іске қосылмақ
Мемлекеттік кірістер комитететінің мәліметінше, аталған пилоттық жоба инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жасалып отыр.Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аума...
200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
15 тамыз, 2024
200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
ШҚО «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясының мәліметінше, 8 ақпанда Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды. Инспекция мамандары ер адамнан 100 метр ау мен жалпы салмағы 178 келі балықты тәркіледі. Осының салдарынан мемлекетке 1 млн теңгеге жуық материалдық з...
Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрдемақы төлемек» болған
15 тамыз, 2024
Алаяқтар «Қазақстан халқына» қорының атынан «жәрдемақы төлемек» болған
Тек демалыс күндері «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына осындай шағымдармен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.Өтініштердің бірінде Шымкент қаласының тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметті толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті ө...
Пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады
15 тамыз, 2024
Пойыз билетін енді онлайн қайтаруға болады
2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электронды жол жүру құжаты бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты, - деп хаб...
Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өтпейді – БҒМ
15 тамыз, 2024
Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өтпейді – БҒМ
Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспа...
Палау ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған ер адам ұсталды
15 тамыз, 2024
Палау ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған ер адам ұсталды
Қызылордада ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды. Ә. есімді азамат Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінде қамауда отырған, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айыпталушы 28 жастағы Б....
Бүгін Атырау-Астрахань бағытында жолаушылар пойызы жүреді
15 тамыз, 2024
Бүгін Атырау-Астрахань бағытында жолаушылар пойызы жүреді
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиевтың мәліметінше, бүгін, 20 сәуірде халықаралық жолаушылар пойызы жолға шығады. Атырау қаласынан шығатын жолаушылар пойызы жұп күндері жүреді. Ал, Ресейдегі Астрахань қаласынан тақ күндері қатынайды. Пойыз Атырау...
Жас кәсіпкерлер саны бір жылда 1,2%-ға артты
15 тамыз, 2024
Жас кәсіпкерлер саны бір жылда 1,2%-ға артты
Олардың ішінде 29 жасқа дейінгі тұлғалар 100%-ке меншік иелері болып табылатын жұмыс істеп тұрған заң компаниялары бар, бір жыл ішінде 2022 жылғы наурыздың соңында 1%-ке, 34,1 мыңға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған барлық заңды тұлғалардан олардың үлесі де 10%-тен 9,5%-ке дейін қысқарды.Ағымдағы жылды...
Суды қанша мөлшерде және қай уақытта ішкен дұрыс
15 тамыз, 2024
Суды қанша мөлшерде және қай уақытта ішкен дұрыс
Судың пайдасын арттырғыңыз келсе, мына 5 істен бас тартыңыз.Көп су ішу. Адам күніне 2 литрдей су ішу тиіс. Бұл туралы көп жерде айтылып жүр. Бірақ бір нәрсені ұмытпауымыз керек. Әр адамның, әр ағзаның қажеті мен қасиеті әртүрлі. Біреуге 2 литр аз болса, енді біреуге көп болуы мүмкін. Сондықтан көп с...
Роман Скляр: Енді утильалым туралы сөз қозғамаймын
15 тамыз, 2024
Роман Скляр: Енді утильалым туралы сөз қозғамаймын
Мен бұл мәселе жөнінде бір емес, бірнеше рет пікірімді білдірдім. Бұл тақырыпты бұдан былай қозғамайтынымды атап өтейін, өйткені бұл бәріміз үшін де, сіздер үшін де бесенеден белгілі шаруа. Бірақ бүгін тағы да айтамын: популистер кез келген уақытта айтсын, акцияларды өткізе берсін. Бірақ Үкімет өн...
Түркістан облысының тұрғыны 24 жыл бойы құжатсыз жүрген
15 тамыз, 2024
Түркістан облысының тұрғыны 24 жыл бойы құжатсыз жүрген
Азаматша 1998 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойына құжатсыз жүрген. Көші-қон полицейлері шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді, - делінген хабарламада....
Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды
15 тамыз, 2024
Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды
Бұдан басқа, жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды. Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір және 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды. Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарын...
ІІ Элизабет патшайымның құрметіне Barbie қуыршағы шығарылды
15 тамыз, 2024
ІІ Элизабет патшайымның құрметіне Barbie қуыршағы шығарылды
Жаңа қуыршақты таныстыра отырып Mattel осылайша британиялық монархты тақтағы мерейтойымен құттықтағысы келген. 2022 жылы ІІ Элизабеттің патшайым болғанына 70 жыл толды.Қуыршаққа ақшыл сұр түсті көйлек киігізіліп, орден тағылған көк лентамен безендірілген. Сондай-ақ қуыршақтың басында ІІ Элизабеттің...
Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды
15 тамыз, 2024
Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды
Түнде Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөліктері) деген айып тағылды, - деп жазды журналист Михаил Козачков. Айта кетейік, Қайрат Құдайберген -...
Қаңтар оқиғасы туралы әннің бейнебаяны жарық көрді (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024
Қаңтар оқиғасы туралы әннің бейнебаяны жарық көрді (ВИДЕО)
Анар Өмірзақ (Anar KZ Omirzaq) Вашингтон қаласында тұрады. Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы сырттағы қазақтарға өте ауыр тиген. Тәуелсіздікке тікелей қауіп төнгенде елмен бірге бола алмаған отандастарымыз сырт мемлекетте жиі кездесіп, қатты алаңдағанын, жырақтағы елінің тағдыры үшін ақылдасқанын айтады...
Аулада тұрған көлікті жер «жұтып қойды» (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024
Аулада тұрған көлікті жер «жұтып қойды» (ВИДЕО)
Алайда бұл видеоның қайда түсірілгені туралы ақпара жоқ. Тек видео сипаттамасында:   Көлік болған, енді жоқ, – деп жазылған.  Мұны көрген желі қолданушылар пікірлерін жазып жатыр.  «Көліктің шамы жағылды. Ішінде адам болса ше? Несиеге алынды ма, жоқ па, көлігі құрысын, бастысы, ешкім өлген жоқ»,...
Қайыңды көліне дейін электр қуаты жүргізіледі
15 тамыз, 2024
Қайыңды көліне дейін электр қуаты жүргізіледі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Саты ауылынан Қайыңды көліне дейін 13 шақырым электр желілері тартылады. Экология министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғ...
Ғалымдар арықтауға көмектесетін ерекше құрылғы жасады
15 тамыз, 2024
Ғалымдар арықтауға көмектесетін ерекше құрылғы жасады
DentalSlim Diet Control – тіс дәрігері тістерді бекіту үшін үстіңгі және астыңғы тістерге орнататын құрылғы. Құлып арнайы магниттен жасалған. Бұл құрылғыны орнатқаннан кейін ауызды 2 миллиметр ашып сұйықтықты тұтынуға болады, бірақ ол сөйлеуге және тыныс алуға кедергі келтірмейді.Зерттеуге қатысушыл...
Үкіметте ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселелері талқыланды
15 тамыз, 2024
Үкіметте ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселелері талқыланды
Кеңеске уәкілетті мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк өкілдері қатысты. Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын құру, онлайн-казиноларға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдау, ойынға арналған сайттарды бұғаттау, лотерея бизнесін реттеу...
Жерде магниттік дауыл басталды: Не істеу керек
15 тамыз, 2024
Жерде магниттік дауыл басталды: Не істеу керек
Магнитті дауыл кезінде адамдарда созылмалы аурулар өршуі мүмкін. Жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесінде ақауы бар адамдар, артық салмақ жинап алған жандар қан қысымы көтеріліп, өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Денсаулығына ауа райы тікелей әсер ететін адамдар магниттік дауыл кезінде үйден шықпағаны жөн...
Елімізде АЭС салу ең перспективалы шешім – Болат Ақшолақов
15 тамыз, 2024
Елімізде АЭС салу ең перспективалы шешім – Болат Ақшолақов
Былтыр Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Ядролық отын белсенді шығарыла бастады. Кадрлық әлеует пен тәжірибеге келетін болсақ, атом өнеркәсібі мен ғылым саласында бізде 24 000-ға жуық адам еңбек етеді. Қазақстанның...
Елордада Ұлттық ұлан жыл қорытындысы бойынша әскери кеңес өткізді
15 тамыз, 2024
Елордада Ұлттық ұлан жыл қорытындысы бойынша әскери кеңес өткізді
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери кеңесте Ұлттық ұланның 2021 жылдағы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті қорытындыланып, Мемлекет басшысының Ұлттық ұланды сандық және сапалық жағынан нығайтуға қатысты жүктеген міндеттері ескеріле отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалд...
Биылғы көктемде қандай күртелер сәнде
15 тамыз, 2024
Биылғы көктемде қандай күртелер сәнде
Oversize бомберКөктемде гардеробтағы бомбер күртке сәнде болады. Оның классикалық «мектеп» бомбері де, заманауи үлгілері де трендке айналмақ. Стилистер кең тұратын ашық түсті бомберді көйлекпен немесе қысқа белдемшемен және қонышы ұзын етікпен үйлестіруді ұсынады. Бомберді джинс шалбармен және кедым...
Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алаяқ ұсталды
15 тамыз, 2024
Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алаяқ ұсталды
Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қаралған. Жалға алған көлікке мінген жас жігіт көшеде жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаулармен ұялы телефон, ақша және басқа да ба...
Қазақстаннан Ауғанстанға өсімдік майын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
15 тамыз, 2024
Қазақстаннан Ауғанстанға өсімдік майын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Белгілі болғандай, контрабандалық тауардың жалпы құны 97 миллион теңгеден асады.Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша ҚМА департаментінде ЖШС-не қатысты ҚР ҚК-нің 234 бабының 2-ші бөлігімен қылмыстық іс тіркелген. Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» кеден бекетінде 9 ж...
Елімізде 70 мың азамат ішкі істер органдарының есебінде тұр
15 тамыз, 2024
Елімізде 70 мың азамат ішкі істер органдарының есебінде тұр
7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» атты республикалық жедел профилактикалық шара өтті. Осы уақыт аралығында ішкі істер органдарының есебінде тұрған 70 мың азамат тұрғын мекен-жайы бойынша тексерілді. Оның ішінде 5 мың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған азамат бар, 1 мың азаматқа...
2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтер толығымен электрондық форматқа көшіріледі
15 тамыз, 2024
2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтер толығымен электрондық форматқа көшіріледі
Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың басым бағыттарының бірі – оларды электронды, әсіресе проактивті форматта көрсету, онда мемлекет мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер негізінде қызмет көрсету процесіне бастама жасайды. Бүгінгі күні әлеуметтік-еңбек саласында...
11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
15 тамыз, 2024
11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Циклон жырасы Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін тигізеді және соған байланысты атмосфералық фронталды бөлімдерде жауын-шашын күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын түспейді. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді,...
Жаңаөзенде қызметтік ит қару-жарақ қоймасын тапты
15 тамыз, 2024
Жаңаөзенде қызметтік ит қару-жарақ қоймасын тапты
Ұлттық ұлан «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қойма 18 ақпанда сағат 18.00 шамасында Мамыр ықшамауданында 34 жастағы жергілікті тұрғыннан табылған.Жедел-іздестіру іс-шарасына 5548 әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрімов  және Кэсси есімді ит қатысқан. Қоймада шолақ...
Шайдан бас тартудың қандай пайдасы бар
15 тамыз, 2024
Шайдан бас тартудың қандай пайдасы бар
Біз шайда қаншалықты кофеин көп екенін ұмытып кетеміз. Оны кешке (16:00-ден кейін) ішу әдеті ұйқы проблемасының себебіне айналуы мүмкін. Шай ұйқысыздықты шақырмаса да, оны уақытылы ішу ұйқы сапасына, оның тереңдігіне және тыныштығына әсер етеді. Егер шайдан бас тартсаңыз, жақсырақ ұйықтай бастағаның...
Instagram желісінде жаңа функция пайда болды
15 тамыз, 2024
Instagram желісінде жаңа функция пайда болды
Stories көрінетін интерфейсте енді жүрек белгісі пайда болды, ол Direct-ке хабарлама жіберместен жарияланымды бағалауға мүмкіндік береді.Stories-ке бұған дейін де жауап беру мүмкіндігі бар болатын, бірақ барлық реакциялар мен мәтіндер автордың Direct-іне хабарлама болып баратын.
«Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді» деген ақпарат жалған
15 тамыз, 2024
«Қазақстанға синтетикалық қырыққабат әкелінеді» деген ақпарат жалған
Бұл видео желіде 2016 жылы шыққан. Ол көптеген елде кеңінен тарады және видео астында «Қытайда қырыққабат жасау» деп жазылып келді.Балауыз салатты қолдан жасау процесінің видеосын YouTube-тен көруге болады. Ол Жапонияда Гудз қаласында түсірілген – бұл ультра шынайы тамақ үлгілерін жасау технологиясы...
Субсидиялау бойынша тегін бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленеді
15 тамыз, 2024
Субсидиялау бойынша тегін бірыңғай ақпараттық жүйе әзірленеді
ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, субсидиялаудың жаңа жүйесіндегі басты жаңалықтардың бірі – оны цифрлық форматқа ауыстыру, бүгінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталады. Оның негізгі қызметі – автоматты режимде субсидия алушыла...
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсетті
15 тамыз, 2024
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсетті
Кездесу жылы атмосферада өтті. Тележүргізуші қазіргі қоғамда ерекше балаларға деген көзқарастың өзгеруі керектігін және оған ел алдында жүрген азаматтар ықпал етуі қажеттігін айтты. Мен қоғамның дені сау адамдар мен мүгедектерге бөлінбегенін қалаймын. Әркімнің тең құқықтары мен мүмкіндіктері болуы...
АИТВ-ны ашқан вирусолог Люк Монтанье қайтыс болды
15 тамыз, 2024
АИТВ-ны ашқан вирусолог Люк Монтанье қайтыс болды
Люк Монтанье 1932 жылғы 18 тамызда Францияның Шабри қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабының шарықтаған шағында ол вирусология және жасушалық биология саласында маңызды ғылыми жаңалықтар ашты. Ол вирусты РНҚ-ты зерттеп, біртізбекті РНҚ екітізбектіге айнала алатынын анықтады. Бұл кері транскрипция...
Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы сайланды
15 тамыз, 2024
Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы сайланды
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ акционерінің шешімі бойынша Руслан Викторович Ысқақов 16 ақпаннан бастап «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Ол бұған дейін холдингтің еншілес ұйымы - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру ко...
Есте сақтау қабілетін жақсартатын үш әдет
15 тамыз, 2024
Есте сақтау қабілетін жақсартатын үш әдет
Massaget.kz сайты есте сақтауды жақсартуға көмектесетін 3 пайдалы әдетті ұсынды.Үнемі жаңа нәрсе үйренуБіздің миымызға үйренуден жақсы белсенділік жоқ. Жаңа ақпаратты білу немесе басқа дағдыны үйрену кезінде  мида жаңа нейрондық байланыстар түзіледі. Есте сақтауды жақсарту үшін және жалпы ми жұмысын...
Ұшақ ішінде неге орын ауыстыруға болмайды
15 тамыз, 2024
Ұшақ ішінде неге орын ауыстыруға болмайды
American Airlines қызметкері жолаушыларға ешқашан орнынан басқа бос орынға ауыспауды ескертті. Оның айтуынша, ұшу алдында міндетті түрде өлшеу және теңестіру процедуралары жасалады. Осылайша, экипаж мүшелері лайнердің ұшуға дайын екеніне көз жеткізеді. Сіз орын ауыстырған кезде ұшақтың тепе-теңдігі...
Қазақстанда әкімшілік өндіріс бойынша өтініштерді қабылдау сервисі іске қосылды
15 тамыз, 2024
Қазақстанда әкімшілік өндіріс бойынша өтініштерді қабылдау сервисі іске қосылды
Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әкімшілік процеске қатысушылар үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘҚБТ) мемлекеттік секторы арқылы кері байланыс функциясын енгізді. Бұл функция процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу...
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті
15 тамыз, 2024
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласып, курсанттар тұрақты орналастыру пункттеріне жіберілген. Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті. Барлығына дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттар оқуға оралды. Қазір ек...
Қазақстандықтар қандай смартфон брендін көбірек жақсы көреді
15 тамыз, 2024
Қазақстандықтар қандай смартфон брендін көбірек жақсы көреді
StatCounter дерегіне сүйенсек, биылғы қаңтарда әлемдегі ең танымал ұялы телефон Apple болған. Компанияның әлемдік нарықтағы үлесі 29,5%-ды құрайды.Екінші орында Samsung компаниясы тұр, оның нарықтағы үлесі – 27,2%. Үшінші орында – Xiaomi, оның нарықтағы үлесі – 11,5%. Ал Қазақстанда Samsung бренді ұ...
Алматыда үш адамды қағып кеткен шетелдік азамат Түркістанда ұсталды
15 тамыз, 2024
Алматыда үш адамды қағып кеткен шетелдік азамат Түркістанда ұсталды
7 ақпан сағат 23:00 шамасында белгісіз жүргізуші Жапек батыр-Комсомол автожолының бойымен солтүстік бағытта үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі қайтыс болды, екеуі түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауданның орталық аудандық ауруханасына жет...
Қазақстанда 12 өңір «жасыл» аймақта тұр
15 тамыз, 2024
Қазақстанда 12 өңір «жасыл» аймақта тұр
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.«Сары» аймақта: Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары.«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Тасбақалар қырылып жатыр
15 тамыз, 2024
Тасбақалар қырылып жатыр
Қосмекенділер пластик қалдықтарды медузамен шатастырып, оларды шектен тыс көп жеп қояды. Организмге түскен қалдықтар олардың асқорыту органдарының жұмысын бұзады, соның кесірінен тасбақалар тамақ жей алмай қалады да, аштан өледі. Зерттеу кезінде тек бір тасбақаның өзінен 325 пластик бөлшек шыққан. Ғ...
19 жастағы Жамбыл тұрғыны қару-жарақ жасырған
15 тамыз, 2024
19 жастағы Жамбыл тұрғыны қару-жарақ жасырған
Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды анықтады. Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерден Калашников автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автомат...
Президенттік жастар кадр резервіндегі мамандардың 60%-ы жұмысқа орналасты
15 тамыз, 2024
Президенттік жастар кадр резервіндегі мамандардың 60%-ы жұмысқа орналасты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың мәліметінше, өткен жылы агенттік мемлекеттік аппарат қызметін оңтайландыру, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметке неғұрлым бәсекеге қабілетті және дарынды жастарды тартуға бағытталған бірқатар...
Қай өңірде жол апаты жиі болады
15 тамыз, 2024
Қай өңірде жол апаты жиі болады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитетінің мәліметінше, 2021 жылы жол апатының басым бөлігі: Алматы - 3230; Алматы облысы - 2248; Жамбыл облысы - 1290; Шығыс Қазақстан облысы - 860.Ал жол апатынан қаза болғандардың ең көп саны мына өңірде тіркелді: Алматы облысы - 463; Т...
Жел күшейіп, тұман болады: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
15 тамыз, 2024
Жел күшейіп, тұман болады: 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронттар жылжып, қар жауып, жел соғады, оңтүстік-батыста – көктайғақ құбылыстарымен жаңбыр және қар аралас жауын-шашын бол...
Елімізде жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі
15 тамыз, 2024
Елімізде жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі
Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің мәліметінше, Еурохаттама сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі болып есептеледі. Ол әсіресе Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған. Бүгінде жолдарда көптеге...
Көлік полициясы ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтанда героин таратып келген қылмыстық топты құрықтады
15 тамыз, 2024
Көлік полициясы ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтанда героин таратып келген қылмыстық топты құрықтады
Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар...
Елімізде соңғы бес күн ішінде 13 майнинг фермасы анықталды
15 тамыз, 2024
Елімізде соңғы бес күн ішінде 13 майнинг фермасы анықталды
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 мегаватт, Павлодар облысында - 22 мегаватт, Түркістан облысында - 3,28 мегаватт, Ақмола облысында - 1,03 мегаватт, Қостанай облысында - 0,82 мегаватт, Нұр-сұлтан қаласында - 1,8 мегаватт, Алматы қаласында - мегаватт, Шымке...
Алматыда жоғалып кеткен ит 1,5 айдан кейін Мәскеуден табылды
15 тамыз, 2024
Алматыда жоғалып кеткен ит 1,5 айдан кейін Мәскеуден табылды
Қала тұрғындары Мәскеу метробекеті маңында жүрген итті байқап, иелерімен байланысқа шыққан. Иелері Сэнди есімді итті бір жарым айға жуық іздеді.  Бәрі итті байқады, бірақ қаңғыбас ит деп жақындауға қорықты. Адамдар КТК телеарнасының арқасында ол қаңғыбас емес екенін білді, сөйтіп, іздеуге көмектест...
Елорда әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр
15 тамыз, 2024
Елорда әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан елордадағы метеожағдайға байланысты ұшып кетуге 10 рейс және ұшып келуге жеті рейс кешіктіріледі. Өзекті ақпаратты білу үшін жолаушыларды авиакомпаниялардың колл-орталықтарына жүгінуін сұраймыз, - деді Ә.Шәлекенов. Бұдан басқа, ауа райының қолайсыздығынан Қазақстан...
Елордада №45 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
15 тамыз, 2024
Елордада №45 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Бағдар осы сызба бойынша автобустардың жүруі үшін жол-көлік инфрақұрылымының қауіпсіздік нормаларына сәйкес болған жағдайда ғана жүретін болады. Осылайша, оны сақтамаған жағдайда (мысалы, жол төсемінің сапасының нашарлауы, жолды су басу және т.б.), бағдардың сызбасы көліктің жүруі үшін қауіпсіз жа...
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» вакцинасы тіркелді
15 тамыз, 2024
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы «Спутник М» вакцинасы тіркелді
Гам-КОВИД-Вак-М – SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, компоненті I-0,5 мл/доза + компоненті II-0,5 мл/доза, Ресей Федерациясында өндірілген.Вакцина Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекция...
Қарызға алған 75 миллион теңгені құмар ойынға жұмсап жіберген
15 тамыз, 2024
Қарызға алған 75 миллион теңгені құмар ойынға жұмсап жіберген
Белгілі болғандай, қарызға батқан азамат кейін жоғалып кеткен. Артынша азаматтың анасы жергілікті полицейлерге хабарласып, арыз жазған. Төлеби АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған ер азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел...
Президенттің швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ – Берік Уәли
15 тамыз, 2024
Президенттің швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ – Берік Уәли
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.  Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрын...
Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел
15 тамыз, 2024
Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел
«2020 жылы бұрынғы Кеңес Одағының қатарында болған Қазақстан Республикасы ажырасу саны бойынша әлемде екінші орынға ие болды. Ажырасу көрсеткіші әр 1000 адамға - 4,6 келеді. Ресей (3,9), Бельгия (3,7) және Беларусь (3,7) оның артынан келеді. Америка Құрама Штаттары бұл тізімде 9- 12- орындар аралығы...
Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды
15 тамыз, 2024
Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды
15 ақпанда Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Ақмола облысының шығысында қар жауады. Облыстың көп бөлігінде боран күтіледі, солтүстігінде, батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.Солтүстік Қазақст...
Министрдің онлайн қабылдауына қалай жазылуға болады
15 тамыз, 2024
Министрдің онлайн қабылдауына қалай жазылуға болады
Бұл қызметті Нұр-Сұлтаннан басқа елді мекендерде, тіпті шетелде тұратын азаматтар да пайдалана алады.Сонымен, талап-тілек немесе өтініш не арызыңызды ведомстволардың басшыларына қалай жеткізуге болады?Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұсынған мәліметке сәйкес,...
Қандай тағамдарды тоңазытқышта сақтауға болмайды
15 тамыз, 2024
Қандай тағамдарды тоңазытқышта сақтауға болмайды
Біріншіден, дәмдеуіштерді тоңазытқышта сақтамаңыз. Мысалы, бадиян мен бұрыш сияқты дәмдеуіштер тоңазытқышта сақталған кезде дымқылданып, нәтижесінде оларда афлатоксиндер пайда болады. Сондай-ақ тропикалық жемістерді тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мысалы, банан және басқа да тропикалық жемістер тоңа...
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қандай
15 тамыз, 2024
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал қандай
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
22.02.2022: Ерекше күнде қанша жұп неке қидырды
15 тамыз, 2024
22.02.2022: Ерекше күнде қанша жұп неке қидырды
Ведомство мәліметінше, бүгін некесін қидыруға ниет білдіргендердің саны қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп болған. Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырады. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бізде күніне 20-дан 100- г...
Қаңтар оқиғасы бойынша 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған
15 тамыз, 2024
Қаңтар оқиғасы бойынша 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған
Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеушілерінің қарауында 2729 қылмыс іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке бас...
13 млн долларлық жарнама, аспаннан түскен 50-Cent, миллениалдардың көз қуанышы: Супербоул-2022 несімен есте қалды
15 тамыз, 2024
13 млн долларлық жарнама, аспаннан түскен 50-Cent, миллениалдардың көз қуанышы: Супербоул-2022 несімен есте қалды
Жыл матчындағы жарнама қанша тұрадыИнглвудтағы (Калифорния) «Соу-Фай Стэдиум» стадионы көрерменге лық толды. Бұл – пандемия басталған соңғы екі жылдан бергі «Супербоулдағы» алғашқы солд-аут. Сондықтан PR-шылар сараңдық танытқан жоқ.2022 жылғы Супер Кубоктың үзілісіндегі эфир уақықытының 30 секунды ж...
2023 жылдан бастап үй жануарлары есепке алынады
15 тамыз, 2024
2023 жылдан бастап үй жануарлары есепке алынады
Заң ережелерін іске асыру үшін қазіргі уақытта біздің министрлік қоғам талқысынан және құзыретті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтетін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірледі, деді вице-министр. Әлия Шалабекова үй жануарларына асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобаларын түсіндірі...
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana аqshamy газетін оқитынын айтты (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana аqshamy газетін оқитынын айтты (ВИДЕО)
Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. Egemen Qazaqstan, «Айқын», Astana аqshamy газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем,...
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды
15 тамыз, 2024
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрды деген күдікті ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Краснодар өлкесінде қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін халықаралық іздеуде болған «Центр Финанс» ЖШС филиалының 1990 жылы туған бұрынғы директоры ұсталды.  Ол 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбеде аса ірі мөлшерде азаматтар қаражатын тартудан табыс...
22.02.2022: Бұл күні не істеуге болмайды
15 тамыз, 2024
22.02.2022: Бұл күні не істеуге болмайды
Мұндай күндердің әлемдегі жаһандық оқиғалардың барысына әсер ету мүмкіндігі бар. Нумерологтардың айтуынша, алдыңғы айна күні 02.02.2022 ауқымды өзгерістердің бастапқы нүктесі болды, өйткені егер сіз барлық сандарды қоссаңыз, онда қосынды 10 болады – «Фортуна дөңгелегі». Бірақ 22 ақпан әлемдегі өзгер...
Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қалалар
15 тамыз, 2024
Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қалалар
Аталған мегаполистерде қашықтан жұмыс істеу бойынша ең көп ұсыныстар тіркелген. 2021 жылы Алматыда төрт мыңға жуық, ал Нұр-Сұлтанда үш мыңға жуық жұмыс беруші осындай талаптар бойынша маман іздеген. Олардан кейін Қарағанды, Шымкент және Атырау тұр.2021 жылы жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істейтіндер...
Жамбылда 60 келіге жуық есірткі сақтаған азамат ұсталды (ВИДЕО)
15 тамыз, 2024
Жамбылда 60 келіге жуық есірткі сақтаған азамат ұсталды (ВИДЕО)
Белгілі болғандай, аталған азамат өз үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған.Күдіктінің үйінің аумағына тінту жүргізу кезінде ауладағы сейфтен ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет алынды. Сондай-ақ, орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын...
Қазақстанда автобөлшектер шығаратын зауыт ашылады
15 тамыз, 2024
Қазақстанда автобөлшектер шығаратын зауыт ашылады
Үкімет отырысында ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев отандық кәсіпорындардың автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін жергіліктендіру туралы уағдаластықтарды орындауына қатысты тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. Сарапшылар Алматы, Қостанай және Орал қалаларындағы 3 зауытты аралады.Бұдан б...
Smart колонканың денсаулыққа қауіпті екені анықталды
15 тамыз, 2024
Smart колонканың денсаулыққа қауіпті екені анықталды
Адамдардың мұндай ақылды колонканы сатып алуына Яндекс.Станцияның пайда болуы мен Google-дың динамиктері де әсер етті. Алайда бұл гаджеттердің қауіпті тұсын ойлай бермейміз.IT-Reserve директоры Павел Мясоедовтың айтуынша, Smart колонка иесіне тікелей қауіп төндірмесе де, цифрлық гигиена ережелері са...
Қонақүйде шаш кептіргішті неге пайдалануға болмайды
15 тамыз, 2024
Қонақүйде шаш кептіргішті неге пайдалануға болмайды
Бұл бөлмелер үш-бес жұлдызды қонақүйлерге тиесілі болды. Зерттеуде бөлмелердің ең лас бөліктері анықталды. Ал қарапайым шаш кептіргіш солардың ең қауіптісі болып шықты. Көптеген қонақүй бөлмелерінде дәретхана орнына қарағанда шаш кептіргіште микробтар көп. Мәселе тазалағыштардың дәретхана, ванна жә...
Белгілі жазушы Табыл Құлыяс қайтыс болды
15 тамыз, 2024
Белгілі жазушы Табыл Құлыяс қайтыс болды
Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  Жазушы, сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Табыл Құлияс ағамыз дүниеден өтті.  Алдынан жарылқасын.  Табыл Құлыяс -...
Маңғыстау облысының ғарыштан түсірілген ВИДЕОСЫ тарады
15 тамыз, 2024
Маңғыстау облысының ғарыштан түсірілген ВИДЕОСЫ тарады
Олег Артемьев Халықаралық ғарыш стансасынан түсірген видеоны өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.  Қазақстанның үстінен ұшып барамыз. Сәлем Қазақстан! Біз үстінен өтіп бара жатқан қаланы таныдыңыз ба? - деп жазды ол. Еске сала кетсек, Артемьевтің Қазақстанды ғарыштан алғаш түсіруі емес. 2020 жыл...
ШҚО тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салды
15 тамыз, 2024
ШҚО тұрғыны шыны бөтелкелерден монша салды
Елден ерек ғимаратты Бақытбек Бостаев екі ай ішінде тұрғызған. Құрылыс материалы ретінде түрлі сусынның құтысын қолданған. Негізінен алкогольді ішімдік бөтелкелерін пайдаланыпты. Пішіні мен түрі әрқилы болғанымен, түсін бір реңге келтіруге тырысқан.Құрылысқа 6 мыңнан астам ыдыс кетті. Енді үйінің ал...
Бүгін еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды
15 тамыз, 2024
Бүгін еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, түнде шығыста, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжайды. Өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстіктен, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.Петропавлда күндіз боран...
Бір жылда елімізден қанша адам көшіп кетті
15 тамыз, 2024
Бір жылда елімізден қанша адам көшіп кетті
Бір жыл ішінде сол кезеңде елге 10 982 адам көшіп келген. Бұл 2020 жылға қарағанда 4,1%-ға аз. Көшіп кеткен азаматтарды елдер бойынша жіктесек, ең көп адам Ресейге – 26 679, Германияға – 3132, Польшаға – 459, АҚШ-қа – 338, Беларусияға – 287, Өзбекстанға – 187, Израильге – 165, Қырғызстанға – 121, У...
Адам жүрген кезде жақсырақ ойланады – зерттеу
15 тамыз, 2024
Адам жүрген кезде жақсырақ ойланады – зерттеу
Зерттеу бойынша, ми жүру кезіндегі дене қозғалысын басқарумен қатар күрделі зияткерлік тапсырманы орындаса, екі міндет те оларды бөлек орындағаннан гөрі жақсы шешіледі. Ғалымдар тәжірибелер топтамасын 22 сау жас адамдардың қатысуымен жүргізеді. Қатысушалар «жарыс жолы» жаттықтырғышында жүріп немесе...
Жамбылда 2 млн теңгенің балығын заңсыз сатпақ болған
15 тамыз, 2024
Жамбылда 2 млн теңгенің балығын заңсыз сатпақ болған
17 ақпан күні жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласындағы «ИРС» сауда кешені маңында 303 кг сазан балығын сатпақ болған азамат анықталды. Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмады.Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес тиісті хаттама т...
Мексикадағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты
15 тамыз, 2024
Мексикадағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, екі адам қаза тапты
Белгілі болғандай, тағы бір азамат жарақат алған. Оқиға туристер көп келетін мейрамханада орын алды. Белгісіз біреу келушілерге оқ жаудырып, артынша ізін суытып үлгерген. Қазір аталған азамат іздестірілу үстінде. Құқық бұзушының бұл қадамға не себептен барғаны белгісіз. Болжам бойынша жауласқан қылм...
Елімізде мал мен құс саны көбейіп келеді
15 тамыз, 2024
Елімізде мал мен құс саны көбейіп келеді
2021 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,2 млн басты құрады, бұл 2020 жылдың деңгейінен 4,3% артық, қой мен ешкі басы 4% (20,9 млн бас), жылқы басы 10,5% (3,5 млн бас), түйе басы 6,9% (243,4 мың бас) ұлғайды. Шаруашылықтардың барлық санаттарында құс саны 10,6%-ға, 47 787,4 мың басқа дейін...
Илон Маск қайырымдылық жасау арқылы салықтан босатылуы мүмкін
15 тамыз, 2024
Илон Маск қайырымдылық жасау арқылы салықтан босатылуы мүмкін
АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы ұсынған деректер бойынша, Илон Маск былтырғы қарашада Tesla-ның 5 млн-нан аса акциясын қайырымдылыққа жұмсаған.Акцияларды қайырымдылыққа алған ұйымның атауы құпия қалып отыр. Tesla 19-20 қараша күндері бірнеше транш жүргізген. Reuters-тің жаз...
Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөліктер анықталды
15 тамыз, 2024
Қазақстанда ең көп сұранысқа ие автокөліктер анықталды
Жаһандық автомобиль нарығындағы проблемаларға қарамастан, қазақстандық автомобиль нарығы 2020 жылмен салыстырғанда 31% - ға өскенін көрсетті.Қазақстанда ең сұранысқа ие автомобиль брендтерінің бестігіне: Chevrolet және Ravon – 30 мың авто, Hyundai – 25,1 мың авто, Toyota – 18,3 мың авто, KIA – 12,2...
Жұлдыз жорамал: Ақпан айында бізді не күтіп тұр
15 тамыз, 2024
Жұлдыз жорамал: Ақпан айында бізді не күтіп тұр
Тоқты:Тоқты, біраз уақыт бұрын күйіп- жанып бар күшіңізді салып бастаған ісіңізге аздап көңіліңіз болмай, ішкі ойыңыз бұлыңғыр болып жүргеніңіз анық. Бірақ, ешкімді айыптамаңыз, сіздің күшіңіз бәріне жетеді. Тек аз күш жұмсап, көп нәтижені қолға түсіре қоямын дегеннен аулақ болыңыз. Әр еңбектің өз б...
Алакөлдегі демалысты қазірден бастап брондау қаншалықты тиімді
15 тамыз, 2024
Алакөлдегі демалысты қазірден бастап брондау қаншалықты тиімді
Қазақстандық туроператор өкілі Светлана Ошерованың айтуынша, ерте брондау кезінде үнемдеуді күтудің қажеті жоқ. Тек тұру кепілдігі болады, өйткені өткен жылдың тәжірибесі бойынша, Алакөлге барлық тур маусымның басында толық сатылған, - деді ол. Маман қазірдің өзінде бірнеше демалыс базалары бронда...
Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайта ашылады
15 тамыз, 2024
Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайта ашылады
Наурыз айының басынан Қазақстанның «Air Astana», «Fly Arystan» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды.Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында...
Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады
15 тамыз, 2024
Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады
«Қазпошта» АҚ клиенттері еліміздегі барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.Жаңа қызметті пайдалану үшін: - eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;-...
16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
15 тамыз, 2024
16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда жауын-шашын тоқтап, күн суытады, сондай-ақ тұман, жел күшейіп, көктайғақ болады. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады – жауын-шашынның тоқтауы және температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Тек республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар ж...
Қандай өнімдерді пісірер алдында жууға болмайтыны белгілі болды
15 тамыз, 2024
Қандай өнімдерді пісірер алдында жууға болмайтыны белгілі болды
РЕН ТВ мәліметінше, зиянды микроорганизмдерді тек жоғары температура ғана жоя алады. Ет пісірер алдында сарапшылар ет шырынын майлыққа сіңіріп алуға кеңес береді. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу керек.Кейбіреулер жұмыртқа пісірген кезде де жууға дағдыланған. Су кір мен бактерияларды жояды деп санайд...
Алматы маңында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
15 тамыз, 2024
Алматы маңында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған. Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан «Марлин» және Tikka мылтықтары табылған.Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер...