Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді
Фото: Ақорда

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.