Референдум-2026

Мемлекеттік грант иегерлері: астаналық түлектер алғашқы әсерлерімен бөлісті

Бүгін, 16:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекеттік грант иегерлері: астаналық түлектер алғашқы әсерлерімен бөлісті
Фото: magnific.com

Биыл Астанада 16 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері жарияланғаннан кейін елордалық түлектер әлеуметтік желілерде қуаныштары мен әсерлерімен бөлісуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл 16 мыңнан астам мектеп түлегінің ішінде 1 202 оқушы үздік аттестатқа, ал 650 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болды.

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болды.

Грант иеленген түлектер әлеуметтік желілерде алған әсерлерін, қуаныштарын және байқау нәтижесіне қатысты алғашқы эмоцияларымен белсенді түрде бөлісуде.

Бұған дейін мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталғанын жаздық.