Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
28 қараша, 2025
Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
18 маусым, 2026
Президент телефон арқылы бірнеше облыс әкімдерінің баяндамасын тыңдады
18 маусым, 2026
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
18 маусым, 2026
Қазақстанға Черногория Президенті Яков Милатович ресми сапармен келеді