Маңғыстауда құны 870 млн теңге болатын 50 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
17 маусым, 2026
Фото: Magnific.соm
Маңғыстау көлік прокуратурасы әуеаймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңге жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында 10 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:31
Ақмола облысында заңсыз вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан топ әшкереленді
19 маусым, 2026
Астанада «Jas STAR Dance Fest» көпжанрлы би фестивалі өтті
19 маусым, 2026
ШҚО-да браконьерлер тобы ұсталды: 700 келіден астам балық тәркіленді
19 маусым, 2026
Елордада прокуратура тұрғын үйлердің құны 2 млрд теңге инженерлік желісін коммуналдық меншікке қайтарды