«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы «iKomek109» халықты жұмыспен қамту орталығында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары түсіндіріліп, сондай-ақ үшінші тұлғаларға банк карталарының деректерін және SMS кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Елорда прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, интернет қауіпсіздігі шараларын сақтауға және дербес деректерді қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Астанада прокурорлар тұрғындарға интернет-алаяқтық схемаларын түсіндірді
15 мамыр, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
12 қазан, 2026
Заң мен тәртіп: Астанада заңсыз граффитилер өшірілді
12 қазан, 2026
ҚМА Перизат Қайраттың туыстарына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді
12 қазан, 2026
Қостанайда кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің талапқа сай болмауы анықталды
12 қазан, 2026
Елордада ойын-сауық орнында қорқор шеккендерге шара қабылданды