«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы №89 мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz..
Жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерінің себептері мен салдарына, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылығына, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерге тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.
