«35 мың теңге»: Ерке Есмахан алимент алуға қатысты өз ойын айтты
10 ақпан, 2025
фото: instagram.com/erke_esmahan
Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ерке Есмахан оқырманның «35 мың теңге алимент алатыныңыз рас па?» деген сұрағына жауап берді. Танымал әнші ешқашан алиментке арыз жазбағанын айтты.
«Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын. Алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады дегенге сендім. Жұмыс істеп, өзім өсірдім. Нағашылары бағып, қақты. Шүкір! Отау құрған соң күйеуім Мүсілімді жанымызға алды. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тарапты ойласам, көзіме қуаныштан жас келеді», – деп жазды Ерке Есмахан.

Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты