Референдум-2026

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: Астанада республикалық ақпараттық онлайн-акция басталды

Бүгін, 13:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: Астанада республикалық ақпараттық онлайн-акция басталды
Фото: magnific.com

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Отбасы – адамның қауіпсіздігі мен қолдауын сезінетін ортасы болуы тиіс. Сондықтан әрбір азаматтың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды бағыттардың бірі.

Осыған байланысты 11-13 тамыз аралығында ІІМ Threads платформасындағы ресми парақшасында үш күндік онлайн-акция өткізуде.

Акция аясында азаматтар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, нақты жағдайлар туралы хабарлай алады.

«Бұл – халық пен полиция арасындағы ашық диалогқа арналған алаң.

Келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралады.

Қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар кеңес беріп, көрсетілген мекенжайға барып, жағдайды зерделеп, заң аясында қажетті көмек көрсетеді.

Зорлық-зомбылықты жасыру – мәселені шешпейді. Оған бейжай қарамау – қауіптің алдын алудың алғашқы қадамы. Әрбір отбасыда тыныштық, әрбір үйде қауіпсіздік болуы керек.

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Үндемей қалмаңыз! Көмек сұраудан қорықпаңыз!» - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада қорқорға қатысты заң талаптарын бұзудың 4,5 мыңнан астам фактісі тіркелді.