Түркістан облысында жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны зерделеу барысында белгілі болды. Кадрға 42 жастағы жүргізушінің Toyota Alphard автокөлігін басқарып келе жатып, жолаушының алдыңғы есікті ашып, денесін көліктен сыртқа шығаруына жол бергені түскен.
«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері тиісті тексеру жүргізді. Нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Сонымен қатар жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді», - делінген хабарламада.
Полиция барша азаматқа жолаушының көлік қозғалысы кезінде денесін салоннан сыртқа шығаруы жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып қана қоймай, оның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай әрекет көлікті басқаруға кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.