Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
24 маусым, 2025
фото: Olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды.
Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды