Жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS арқылы хабарланады
25 тамыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркелген жұмыссыздардың арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 24 790 қазақстандыққа жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен SMS хабарламалар жібереді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР Ұлттық статистикалық бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындарын қоспағанда, азаматтар бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:44
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
5 мамыр, 2026
Қарыз алушы кірісінен айырылса, не істеу керек – агенттік жауабы
4 мамыр, 2026
Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті
30 сәуір, 2026
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды