«Заң мен тәртіп»: Астанада прокурорлар оқушыларға дәріс өткізді
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында №65 мектеп-гимназиясында қалалық прокуратураның қызметкерлері профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дәріс барысында қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін заңды жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Сонымен бірге, рөлдік ойындар өткізілді, оның барысында мектеп оқушылары ойын қатысушыларының әрекеттерін өздері бағалап, заңдық сауаттылығын көрсетті.
Іс-шарамен 9-11 сыныптардың 150 оқушысы қамтылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін төмендету, қылмыстарға деген төзбеушілік қалыптастыру.
Қала прокуратурасы білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі құралы екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, елордада ерекше бейнероликтер байқауы өтті.