Халықаралық бақылаушылар Конституциялық сот төрағасымен кездесті

Халықаралық бақылаушылар Конституциялық сот төрағасымен кездесті
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58 халықаралық бақылаушыларымен, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының делегациясымен үш бөлек кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесулерге Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов және аппарат өкілдері қатысты. 

Халықаралық бақылаушыларға республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция және оның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы толық ақпарат ұсынылды.

«Жаңа Конституцияда адамның өзі, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары болып табылатыны туралы қағидаттар мен шарттар күшейтілді. Бұл қазіргі заманғы сын-қатерлерді, даму стратегиясының міндеттерін, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі Ата заңның үстемдігін ескере отырып қарастырылған», - деп атап өтті Эльвира Әзімова.

Еске сала кетсек, Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді.