Визалық режимді жеңілдету Қазақстан мен Еуропа азаматтары үшін өте маңызды – Антониу Кошта
5 желтоқсан, 2025
akorda.kz
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағдаластық Қазақстан мен Еуропа азаматтары үшін өте маңызды екенін жақсы түсінемін. Келісімге қол қойылғаннан кейін азаматтарымыздың барыс-келісі, алыс-берісі жиілеп, білім алып, жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай туады. Бұл халықтарымыз арасындағы достықтың нағыз символына айналады», - деді Антониу Кошта.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қазақстан халқы референдумда ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі
15 наурыз, 2026
Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары
15 наурыз, 2026
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті
15 наурыз, 2026
Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады