Ұлытау төрінде «Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлытау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі 27 маусымда Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылында ұйымдастырылады. қазақ даласының рухын сезінетін, дәстүр мен мәдениет тоғысқан ерекше фестиваль сағат 10:00-де басталады.
Бағдарламада:
- Этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер
- Қымызмұрындық рәсімі
- Ұлттық спорт ойындары
- Қолөнер көрмелері
- 500 бие сауылатын тарихи көрініс
- Танымал өнер жұлдыздарының концерті.
Еске сала кетсек, биыл жазда елімізде бірқатар спорттық, мәдени және туристік іс-шаралар ұйымдастырылады.