Түркістанда өз балаларын асыраудан жалтарғандар жауапқа тартылды

Бүгін, 17:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Түркістанда өз балаларын асыраудан жалтарғандар жауапқа тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында борышкерлер ұсынылған жұмысқа тұрудан әдейі бас тартып, өз балаларына алимент төлеу міндетін орындамаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде соңғы бір жыл ішінде 50 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, сот актілері мен заң талаптарын қасақана елемей, балаларына алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.

Алимент төлемеу – бұл тек сот шешімін орындамау емес, бұл өз баласының заңды құқықтарын өрескел бұзу. 

«Прокуратура алимент төлеуден жалтарған әрбір борышкердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беріп, олардың заңда көзделген жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етеді», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Бас прокуратура баласын асыраудан жалтарған тұлғаларға қатысты жауапқа тарту шаралары жалғасатынын мәлімдеді. 

Еске салсақ, Қостанай облысында алимент төлемейтін 157 адам жауапқа тартылды.