Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің таяу арадағы міндетін айқындап берген болатын.