Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады
11 шілде, 2025
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 02:14
Президент: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
15 наурыз, 2026
Қазақстан халқы референдумда ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі
15 наурыз, 2026
Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары
15 наурыз, 2026
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті