Шомылу маусымы: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады

Бүгін, 11:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шомылу маусымы: ТЖМ тұрғындарға маңызды ескерту жасады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Құтқарушылар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, тұрғындарға су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіруде.

ТЖМ азаматтарға төмендегі қауіпсіздік талаптарын еске салады:

– балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз және олардың ересектердің бақылауынсыз суға түсуіне жол бермеңіз;

– шомылуға арналмаған және арнайы тыйым салу белгілері қойылған орындарда суға түспеңіз;

– мас күйде шомылмаңыз;

– шомылу аймағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;

– қайықтар мен басқа да жүзу құралдарына жақындамаңыз;

– түбі тексерілмеген жерлерде суға сүңгімеңіз;

– жүзуге арналмаған заттарды пайдаланбаңыз;

– қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, тастардан және арнайы жабдықталмаған орындардан суға секірмеңіз.

ТЖМ әрбір азаматты судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын орындау өз өміріңізді ғана емес, жақындарыңыздың да өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.