Үкімет 1:50 000 масштабта егжей-тегжейлі геологиялық зерттеуге көшу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеуге резервтен 240 млн теңге бөлді. Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жаңа тәсіл перспективалы учаскелерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. 2026-2028 жылдары аумақтың 100 мың шаршы шақырымын егжей-тегжейлі зерделеу жоспарлануда.
«Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады», - деп түсіндірді Иран Шархан.