Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
13 сәуір, 2026
Фото: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.
Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.
Бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі әлем кубогында күміс медаль алды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
31 шілде, 2026
Дастан Сәтпаев туралы анимациялық ролик жарық көрді
31 шілде, 2026
Теннистен Билли Джин Кинг кубогына қатысатын ел құрамасы анықталды
31 шілде, 2026
Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады