Бірлескен мәлімдемеге Вашингтонға сапар барысында қол қойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның бұл бастамаға қатысуы инвестиция тарту, AI-инфрақұрылымын дамыту, бірлескен R&D жобаларын жүзеге асыру, мамандар даярлау және Стэнфорд университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінде жасанды интеллект саласындағы жаһандық бәсекелестік - бұл тек технологиялар ғана емес, сонымен қатар есептеу қуаттары, инфрақұрылым, энергия, маңызды минералдар және адами капитал. Сондықтан халықаралық ынтымақтастық AI-экономиканы дамытудың негізгі факторына айналып отыр.
Біздің мақсатымыз - технологиялық өзгерістерге бейімделу ғана емес, өз технологияларымызды жасау, ұлттық құзыреттілікті дамыту және Қазақстанның жаһандық AI-экономикадағы сенімді серіктес ретіндегі орнын нығайту