Қазақстан құрамасы нысана көздеуден үш алтын медаль жеңіп алды

30 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден үш алтын медаль жеңіп алды
Фото: ISSF

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.