QAR FEST: Астанада аққалалар байқауы басталды
15 қаңтар, 2025
Фото: ЖИ иллюстрациясы
Елордада бүгіннен, яғни 15 қаңтардан бастап, 15 ақпанға дейін Есіл өзенінің жағалауында «Таза Қазақстан» акциясы аясында QAR FEST аққалалар байқауы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қатысу шарттары:
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тақырыбына сәйкес келетін ерекше аққала жасаңыз.
- Өз жұмысыңызды суретке түсіріңіз.
- Суретті 15 ақпанға дейін Instagram парақшаңызға жариялап, #ТазаҚазақстан және #QarFestSaryarqa хэштегтерін қосыңыз. Сондай-ақ @saryarqa.audany парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз.
Аққалаларды Есіл өзенінің жағалауында, мұз айдынының жанында жасауға болады.
Ең үздік жұмыстардың авторлары аудан әкімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
QAR FEST — шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетудің, экологиялық бастамаларды қолдаудың және елордаға ерекше қысқы көңіл күй сыйлаудың тамаша мүмкіндігі!
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:02
Астанада көктемгі шақырылымдағы алғашқы сарбаздар әскерге аттанды
Бүгін, 17:20
Елорда студенттерімен қылмыстың алдын алу бойынша кездесу өтті
Бүгін, 17:07
Заң мен тәртіп: Елордалық прокуратурада мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өтті
Бүгін, 16:57
Астанада Жаңару күні туған сәбилерге ерекше сыйлық берілді