Президент: ЖИ мен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықты назардан тыс қалдырмау қажет

Бүгін, 17:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент: ЖИ мен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықты назардан тыс қалдырмау қажет
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес.
 
Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор.
 
Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын.
 
Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді», - деді ол. 

Мемлекет басшысы алтыншы мәселе ретінде жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін айтты. 

«Бұл жоба көптілді форматта жасалуға тиіс. Сонда кез келген адам онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысып, оны зерделей алады.
 
Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын», - деді Президент.