Президент тапсырмасы: сенаторлар білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
29 қараша, 2025
Астана қаласы Білім басқармасынан
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен депутаттар Астанадағы бірнеше мектепті аралап, инфрақұрылымын, IT-зертханаларын, кітапханаларын және оқу үдерісін көрді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Педагогтермен білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Мәулен Әшімбаев соңғы жылдары білім саласына бөлінген қаржы 3 есе артқанын, 1 200 жаңа мектеп ашылғанын және мұғалімдердің жалақысы екі есе өскенін атап өтті. Спикер тәрбиенің маңызын айтып, ұлттық құндылыққа негізделген жаңа білім беру моделінің қажеттігін жеткізді.
Сенаторлар №107 мектепке, KIS-ке және Республикалық физика-математика мектебіне барып, оқушылардың IT-HUB, робототехника және STEM бағытындағы жұмыстарымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді: сандар мен нәтижелер
12 наурыз, 2026
Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
12 наурыз, 2026
Ақысыз білім алу мүмкіндігі жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз сақталды
11 наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: бірінші аптада 36 талапкер тестілеуден шеттетілді