Президент мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
28 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.
– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді: сандар мен нәтижелер
12 наурыз, 2026
Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
12 наурыз, 2026
Ақысыз білім алу мүмкіндігі жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз сақталды
11 наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: бірінші аптада 36 талапкер тестілеуден шеттетілді