Париж-2024: Бүгін белдескен дзюдошылар алғашқы айналымнан аса алмады
19 тамыз, 2024
коллаж Elorda.info
Бүгін жарыс жолына қазақстандық дзюдошылардан Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді.
Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті.
Сондай-ақ Есмигул Куюлова да Олимпиаданың бірінші кезеңінен аса алмады.
63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде аустриялық қарсыласы Любиана Пловесанадан ұтылып қалды.
Әзірге, қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды