Референдум-2026

Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін, 13:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады», - делінген хабарламада.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.