Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақ қаламгерлерімен кездесті

Бүгін, 15:45
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақ қаламгерлерімен кездесті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық академиялық кітапханада Қытайдың белгілі жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Яньның қазақ қаламгерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстанға алғаш рет келген қаламгер кітапхана қорымен танысып, тарихи және мәдени құндылығы жоғары қолжазбалар мен сирек құжаттар жинағын тамашалады.

Жазушыға бірегей жәдігерлер, ұлттық құндылықтар және отандық мерзімді баспасөз тарихына қатысты материалдар таныстырылды.

Кездесу барысында Мо Янь шығармашылық ізденістері туралы әңгімелеп, әдебиеттің адам болмысын танудағы маңызына тоқталды.

Айта кетейік, қаламгердің Қазақстанға сапары Алматы қаласынан басталды. Онда жазушының қазақ тіліне аударылған «Сарымсақ жыры» романы мен «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» атты публицистикалық жинағының таныстырылымы өтті.

Сапар аясында Мо Янь Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестікті іске асыруға бағытталған Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебінде дәріс оқыды.