Балық аулау кезінде шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына сот үкімі шықты

Бүгін, 15:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Балық аулау кезінде шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына сот үкімі шықты
фото: Оңалхан Өнерхан

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасы шекарасын заңсыз кесіп өткен Иран Ислам Республикасының үш азаматы ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Аталған жайтқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-1-бөлігімен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өту заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.