Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22 маусым, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.